Қазақстандық әнші The Limba Егор Кридпен дуэт жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әнші The Limba Егор Кридпен дуэт жазды Егор Крид пен The Limba. Фото: Instagram/Thelimba

Қазақстандық әнші The Limba танымал ресейлік әнші Егор Кридпен дуэт жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әнші The Limba танымал ресейлік әнші Егор Кридпен дуэт жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әртістер Coco L'Eau деп аталатын трек шығарды, ол YouTube-те бір сағат ішінде 100 мыңнан аса қаралды. Бұл орындаушылардың бірге жазған алғаш әні.

The Limba лақапатымен танылған әнші - алматылық Мұхамет Ахметжанов. Әншінің ең алғашқы синглы "Обманула" әні болды. Ол YouTube-те 6,9 миллионнан аса қаралым жинап, танымал болған.

Andro-мен бірге орындаған X.O әні 2020 жылдың жазындағы басты хиттердің бірі болды. Трек TikTok әлеуметтік желісінде трендке айналды, сонымен қатар барлық басты хит-шеруде айтылды.

The Limba 1997 жылы 13 желтоқсанда Алматыда дүниеге келген. Университетке түсуді кейінгі қалдырған ол сантехникалық заттар мен интерьер декоры дүкенінде менеджер болып жұмыс істеген. Алғашқы әні хитке айналған соң The Limba музыкалық бағытта дамуды ұйғарып, әнжинағын шығарып үлгерген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети