Қазақстандық әнші Түркияда өтіп жатқан әйгілі шоудың үшінші кезеңіне өтті

18 Қыркүйек 2015, 09:44
0
Қазақстандық әнші Түркияда өтіп жатқан әйгілі шоудың үшінші кезеңіне өтті - © Айжан Түгелбаева
© Айжан Түгелбаева

Қазақстанның атынан әйгілі Rising Star Turkey шоуына қатысып жатқан отандық әнші Луина келесі турға өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Луина екінші турда америкалық әнші Алиша Киздің Empire State of Mind атты композициясын орындады. Қазақстандық орындаушыға көрермендер мен бүкіл зал қолдау көрсетті, олар тікелей эфирде дауыс берген болатын, сондай-ақ әділ қазылар алқасының төрт мүшесі де оған дауыстарын берді. Осылайша, ол үшінші кезеңге жолдама алды, ол күзде түрік телеарнасының эфирінде өтеді.

Rising Star шоуы қыркүйектен бастап туріктің TV8 телеарнасынан көрсетіліп жатыр. Ұйымдастырушылар Луинаны алдын ала өтетін кастингке шақырған. Қазақстандық әнші мыңдаған қатысушының ішінен суырылып алға шықты.

Айта кетейік, Rising Star - жаңа форматта өткізілетін интерактив шоуы. Әнші сахнаға шыққан кезде алдында қабырға тұрады, ол қазылар алқасын көре алмайды. Қатысушы 70 пайыздан жоғары дауыс жинағанда ғана қабырға көтеріледі.

Бірінші кезеңде әнші Луина Beyonce-тың Halo композициясын орындап, 86 пайыз дауыс жинады. Әншінің қойылымы құрамына танымал тұлға Мустафа Сандал, әнші Демет Акалын, Ойку Сертер және Фуат кіретін қазылар алқасына ұнады және төртеуі де "иә" деді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай