Қазақстандық дуэт The Voice шоуының әлемдік рейтингіне кірді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық дуэт The Voice шоуының әлемдік рейтингіне кірді Фото:instagram.com/kuralay_meyrambek

Құралай Мейрамбек пен Әлия Намялиеваның Qazaqstan дауысы байқауындағы орындауы Best of the Voice шоуының әлемдік рейтингіне кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құралай Мейрамбек пен Әлия Намялиеваның Qazaqstan дауысы байқауындағы орындауы Best of the Voice шоуының әлемдік рейтингіне кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыздар әнші Мархаба Сәбидің "Қай заман" әнін орындап, жоба тәлімгерлерін таңғалдырды. Сонымен қатар, олардың өнерлері YouTube арнасында көрсетілді, онда әлемнің түкпір-түкпірінен The Voice шоуына қатысушылардың ең жақсы нөмірлері жиналады.

Қыздар Сәкен Майғазиевтің командасында болды. Нәтижесінде, тәлімгер Құралай Мейрамбекті таңдады. Айта кетейік, оның көрмей тыңдау кезіндегі қойылымы "Голос" шоуының әлемдік рейтингінің назарына ілікті. Ол "Қорқыт-қобыз" композициясын тамаша орындаған еді.

"Туыстарыма, отбасыма, достарыма және мені қолдаған бәріне алғыс білдіремін. Бізге өзімізден артық сенетін тәлімгер Сәкен ағаға ерекше алғыс білдіремін. Әрине, бірге дуэт айтқан керемет орындаушы Әлияға рақмет. Мен бұл идеяны іске асырып, керемет өнер көрсеткенімізге қуаныштымын", - деді Құралай. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети