28 қыркүйек 2015 10:53

Қазақстандық күйші халықаралық этнобайқауда лауреат атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Набияр Алтаев. Сурет жеке мұрағаттан алынған Набияр Алтаев. Сурет жеке мұрағаттан алынған

Қазақстандық күйші Набияр Алтаев Астраханда өткен V Халықаралық "Алтын дала дауысы-2015" этнобайқауында ІІ дәрежелі лауреат атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық күйші Набияр Алтаев Астраханда өткен V Халықаралық "Алтын дала дауысы-2015" этнобайқауында ІІ дәрежелі лауреат атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Байқауға концерттік ұйымдарда, театрларда, радио, телевизия, кино саласында жұмыс істейтін, ТМД мен шетелдегі түрлі ұлттың дәстүрлі мәдениетін таныстырушы шығармашылық ұжымдардан 200-ге жуық әртіс пен ансамбль қатысты. Жеңімпаздар бірнеше аталым бойынша анықталды - халық әнін жеке орындау, дәстүрлі халық әнін ансамбльмен орындау, дәстүрлі халық әнін аспаппен орындау және дәстүрлі халық биі өнері.

Әділ қазылар алқасының қатарында өнертанушы доктор, Марий мемлекеттік университетінің профессоры Олег Герасимов, Литов эдукалогиялық университетінің профессоры Йонас Мардоса, Кельн университеті Еуропалық музыкалық энтография институтының адъюнкт-профессоры Клаус Нойман бар.

Айта кетейік, ақтаулық Набияр Алтаев Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі. Қазір Маңғыстау облысындағы филармонияда жұмыс істейді. Ол бұған дейін де халықаралық байқауларда өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған - "Бегущая по волнам" (Мәскеу), Open Spain (Испания).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети