Қазақстандық The Jigits тобы Ресейдің "Главная сцена" шоуына қатысты

20 Қыркүйек 2015, 21:54
0
Қазақстандық The Jigits тобы Ресейдің "Главная сцена" шоуына қатысты - The Jigits тобы
The Jigits тобы

Қазақстандық The Jigits тобы "Россия-1" телеарнасындағы "Главная сцена" шоуының екінші маусымына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, танымал бойз-бенд музыкалық шоуда Jigboys атауымен өнер көрсетті. Үш жігіт Равиль Исақов, Әлішер Егембердиев және Батыржан Тазабеков Игорь Сарухановтың "Қарақұм" композициясын орындады.

Олардың өнеріне бірінші болып әнші Валерий Леонтьев пікір айтты, ол қазақстандық өнерпаздардың өнерін жоғары бағалап, дауысын соларға берді. Келесі кезекте Ресейдің халық әртісі Вячеслав Добрынин жігіттердің орындауында эмоцияның жеткіліксіз екенін айтты, алайда ол жас музыканттарға мүмкіндік берді. "Жақсы" деген бағаны топ Диана Арбенина мен Николай Носковтан да алды. Осылайша The Jigits ширек финалға шықты.

Айта кетейік, The Jigits тобы Жетінші арнадағы "Жұлдыздар фабрикасы" жобасына қатысқаннан кейін құрылған болатын. Сол кезде олар "Мате-залка бойз" деген атаумен өнер көрсеткен еді. Ұжым "Жаңа толқын-2012" музыкалық конкурсына қатысқаннан кейін танымал бола түсті. Бұл шоуда олар төртінші орын алған. Айта кетейік, топты A'Studio тобының мүшесі Байғали Серкебаев пен қазақстандық композитор Ринат Гайсин құрып, продюсерлік жетекшілікке алған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай