26 тамыз 2021 12:13

Қазақстандық топ "Новая волна - 2021" байқауында төртінші орын алды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Mezzo тобы Mezzo тобы

Қазақстандық Mezzo тобы Сочиде өткен "Новая волна - 2021" халықаралық байқауында төртінші орынды жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық Mezzo тобы Сочиде өткен "Новая волна - 2021" халықаралық байқауында төртінші орынды жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үш күнінің қорытындысы бойынша топ 255 ұпай жинап, үшінші орынға бір қадам жетпей қалды. Байқаудың бірінші күні қазақстандықтар Мэрайя Кэридің Without you әнін орындап, қазылар алқасы мүшелерінен 86 балл алды және Армениядан келген қатысушыдан кейінгі екінші орынды иеленді.

Екінші күні олар Батырхан Шүкеновтың "Дождь" композициясын шырқап, 170 ұпаймен үшінші орынға жайғасты.

Үшінші күні, Mezzo қазақ тіліндегі "Махаббат" әнін орындады. Қойылым үшін ең жоғары 10 ұпайды Филипп Киркоров, Игорь Крутой және Димитрис Контопулос қойды. Қалған қазалыр алқасы қазақстандық Димаш Құдайбергенді қосқа алғанда қойылымға 9 балл берді.

Биыл "Новая волна - 2021" финалында әлемнің 9 елінен 11 қатысушы бас жүлдеге таласады. Байқауға қатысушыларды Игорь Крутой, Филипп Киркоров, Светлана Лобода, Сергей Лазарев, Артик-Асти, Леонид Агутин, Дима Билан және Димаш Құдайберген секілді қазылар алқасы бағалайды.

Mezzo - классикалық және танымал музыка элементтерінің синтезі саналатын классикалық кроссовер бағытында жұмыс істейтін Қазақстандағы алғашқы вокалдық топ. Олар 2012 жылы құрылған. Топта Жасұлан Сыдықов, Жәнібек Сейдахметов, Асан Нұрбергенов және Мейірхан Жантұрғанов ән айтады. Ұжым 2012 жылы X Factor Kazakhstan конкурсында 2-іші орын алып, танымал болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети