Қазақстандық топ "Новая волна - 2021" байқауында үздіктер қатарына кірді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық топ "Новая волна - 2021" байқауында үздіктер қатарына кірді Фото:instagram.com/mezzo_kz

Mezzo тобы "Новая волна - 2021" халықаралық вокалдық байқауында екі күннің қорытындысы бойынша үшінші орында тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Mezzo тобы "Новая волна - 2021" халықаралық вокалдық байқауында екі күннің қорытындысы бойынша үшінші орында тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Байқаудың бірінші күні қазақстандықтар Мэрайя Кэридің Without you әнін орындап, қазылар алқасы мүшелерінен 86 балл алды және Армениядан келген қатысушыдан кейінгі екінші орынды иеленді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Группа MEZZO (@mezzo_kz)

Екінші күні олар Батырхан Шүкеновтың "Дождь" композициясын шырқап, 170 ұпаймен үшінші орынға жайғасты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Группа MEZZO (@mezzo_kz)

Енді финалистерді үшінші байқау кезеңі - финал күтіп тұр. Оның қорытындысы бойынша "Новая волна - 2021" жеңімпазы анықталады.

Биыл "Новая волна - 2021" финалында әлемнің 9 елінен 11 қатысушы бас жүлдеге таласады. Байқауға қатысушыларды Игорь Крутой, Филипп Киркоров, Светлана Лобода, Сергей Лазарев, Артик-Асти, Леонид Агутин, Дима Билан және Димаш Құдайберген секілді қазылар алқасы бағалайды.

Mezzo - классикалық және танымал музыка элементтерінің синтезі саналатын классикалық кроссовер бағытында жұмыс істейтін Қазақстандағы алғашқы вокалдық топ. Олар 2012 жылы құрылған. Топта Жасұлан Сыдықов, Жәнібек Сейдахметов, Асан Нұрбергенов және Мейірхан Жантұрғанов ән айтады. Ұжым 2012 жылы X Factor Kazakhstan конкурсында 2-іші орын алып, танымал болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети