04 қазан 2015 | 11:03

Қазақстандықтар "Жаңа толқын-2015" байқауының бірінші күнінде үздік үштікке кірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сочиде өтіп жатқан "Жаңа толқын-2015" жас орындаушылар байқауының бірінші күнінде Қазақстаннан барған қатысушылар көш бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Сочиде өтіп жатқан "Жаңа толқын-2015" жас орындаушылар байқауының бірінші күнінде Қазақстаннан барған қатысушылар көш бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2015 жылы Қазақстан атынан тұңғыш рет екі қатысушы шығады - әнші Адеми (Динара Қайырова) және Voice KZ тобы. Байқауға қатысушылар әлемдік хиттерді өз интерпретациясында орындаған бірінші күннің қорытындысы бойынша, әнші Адеми 87 ұпаймен екінші орынға, ал үшінші орынға 86 ұпаймен Voice KZ тобы жайғасты.

Әзірше көш басында хорват әншісі Дамир Кедзо (88 ұпай). Байқаудың екіншікүні 4 қазанда, бүгін өтеді. Қатысушылар "Жаңа толқын" байқауына әр жылдары қатысқан орындаушылармен танымал композитор Игорь Николаевтің 55 жылдығық мерейтойына орай оның әндерін дуэтпен айтады.

Қазылар алқасының биылғы құрамы: Леонид Агутин, Филипп Киркоров, Игорь Крутой, Игорь Николаев, Ани Лорак, Валерия, Лайма Вайкуле. Бас жүлде иегері 3,5 миллион рубль, екінші орын 2,2 миллион рубль және үшінші орын 1,3 миллион рубль алады.

Қазақстан атынан шыққан қатысушылар жыл сайын қатысса да "Жаңа толқын" тарихында бір де бір рет жеңіске жетпеген. Қазақстандықтар "Көрермендер көзайымы" және "Алла Пугачеваның арнайы жүлдесі" сияқты сыйлықтарға ие болған еді. Әр жылдары төртінші орыннан Rin’Go тобы, Қайрат Түнтеков және The Jigits тобы көрінген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети