"Келісімшарт биыл аяқталмайды". Zhuldyz LIVE жобасында КешYou тобы

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Келісімшарт биыл аяқталмайды". Zhuldyz LIVE жобасында КешYou тобы

"Жұлдыз" радиосындағы Zhuldyz LIVE жобасының кезекті шығарылымында КешYou қонақта болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жұлдыз" радиосындағы Zhuldyz LIVE жобасының кезекті шығарылымында КешYou қонақта болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Zhuldyz LIVE жобасында қазақстандық белгілі өнер жұлдыздары әр апта сайын жанды дауыста ән айтып, сұхбат береді. Бұл жолы да КешYou танымал әндерін шырқап, сұрақтарға жауап беріп, сұхбат берді.

КешYou тобы жаңа клип қашан шығуы мүмкін екенін айтты.

"Жаңа клип жақында шығады. Жаңа ән дайындап жатырмыз. Мәскеуде аранжировкасы жасалып жатыр. Сол әнге клип түсірсек деген ой болған. Бірақ әннің өзі әлі дайын болмай жатыр", - деді топ мүшелері.

КешYou тобының мүшелері хоббилері, қызығушылықтары туралы айтып берді.

"Тігу қолымнан келеді. Бірақ онымен айналысамын деп айта алмаймын. Қолөнермен көбінесе әпкем айналысады. Стилист ретінде бір нәрседен бір нәрсе шығару жағынан жақсымын. Тігу жағынан әпкем жақсы", - деді топ мүшесі Балауса. 

Сондай-ақ, топ мүшелері келісімшарт биыл аяқталмайтынын айтып, келісімшарт біткен соң немен айналысатынын әңгімеледі.

"Келісімшарт уақыты биыл аяқталмайды. Біз ғана айта алмаймыз. Екі жақ сөйлесеміз, сол кездегі жағдайға байланысты", - деп жауап берді КешYou тобының мүшелері.

Айта кетейік, өткен шығарылымда Zhuldyz LIVE жобасында МузАрт Life қонақта болған еді. 

Еске салайық, сүйікті әншілеріңіз жанды дауыста айтып, сұрақтарға жауап беретін жоба әр сәрсенбіде сағат 18.00-ден 19.00-ге дейін өтеді. 

29 маусымдағы радиоконцертті TengriTV Youtube-арнасы мен zhuldyz.fm парақшасынан көре аласыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети