16 маусым 2014 | 15:39

"Классика" радиосының үш жылдығына арналған флешмоб өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының студенттері "Классика" радиосының үш жылдығына арнап флешмоб өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының студенттері "Классика" радиосының үш жылдығына арнап флешмоб өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баяншылар, виолончелистер, ұрмалы және үрмелі аспап шеберлері мен аралас хор өкілдерінен тұратын жас музыканттар тобы қазіргі заманға сай әрленген классикалық шығармаларды орындады. Флешмоб Орталық мәдениет және демалыс саябағында, Алматы әуежайында, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы алдында, 28 панфиловшы-гвардияшы саябағында, цирк ғимараты алаңында, "Арман" киноорталығы алдында, "Алматы-2" теміржол бекетінде және Арбатта өтті. 

"Біз алматылықтардың классикалық әуендерді көп тыңдағанын қалаймыз. Көпшілікке бұл музыканың қатты ұнағаны соншалық, өзіміз таңғалдық. Адамдар бізден тағы қашан өнер көрсететінімізді сұрап жатты. Біз флешмобтың көрермендерге ұнағанына қуаныштымыз", - дейді музыканттардың бірі Диана Бисмилдина.

Алматыда 102,8 және Астанада 102,7 жиілігінде хабар тарататын "Классика" радиосы Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория ректоры, халық әртісі Жәния Әубәкірованың бастамасымен ашылған болатын. Радио тұңғыш рет 2011 жылдың 6 маусымында хабар таратты. Бүгінде бұл жиіліктен тәулік бойы классикалық әуендерді естуге болады. Эфир бағдарламаларын кәсіби музыканттар әзірлейді.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети