Көрермендер көңілінен шыққан эстониялық TRAD.ATACK! тобы Алматыда тағы да өнер көрсетеді

12 Мамыр 2016, 10:20
0
Көрермендер көңілінен шыққан эстониялық TRAD.ATACK! тобы Алматыда тағы да өнер көрсетеді - Эстониялық TRAD.ATACK! тобы.
Эстониялық TRAD.ATACK! тобы.

The Spirit оf Tengri-2016 заманауи этникалық музыка фестиваліне эстониялық TRAD.ATACK! тобы тағы да қатысады.

Ұжымның солистері қазір Қытай қалаларында гострольдік сапармен жүр. TengrinewsTV тілшілері олармен Skype арқылы байланысып, топтың алдағы жоспарлары туралы білді. Әншілердің айтуынша, олар алдағы фестивальге жаңа әнмен, оның ішінде әжелер ұжымымен бірге шығады.

Топ мүшелері биыл кеңейтілген бағдарламамен келетіндерін де айтты. "Ялмардың әжесімен бірге орындаған жаңа ән де бар. (...) Биыл біз Эстонияда үш бірдей музыкалық жүлдеге ие болдық, оның ішінде ең үздік топ атандық. Дегенмен жоспарларымыз әлі де көп. Мысалы, Қазақстанды жаулап алу. Фестивальге дайындықты бастап кеттік. Былтыр бізді көрермендер өте жақсы ықыласпен қарсы алды", - деді топ мүшелері.

Айта кетейік, The Spirit of Tengri - әлем елдерінің этникалық дәстүрін қазақ даласында көрсетуге арналған мульти-мәдени жоба. Жоба Tengri FM ұлттық радиостанциясымен құрылған. Екі күнге созылатын шара 4-5 маусым күндері Алматыдағы Абай алаңында өтеді. Концерт былтырғыдай open-air форматында болады. Концертке келушілерге кіру тегін. Сахнаға шығатын орындаушылардың толық тізімі жақын арада жарияланады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай