"Все будет хорошо" - осы сөздерді Қостанай әкімі Митя Фоминмен бірге қаланың 140 жылдығында бірге айтты, - деп хабарлайды "Наш Костанай". Қала басшысы Қайрат Ахметов бүкіл кешті қала тұрғындарымен бірге алаңда өткізді.
"Все будет хорошо" - осы сөздерді Қостанай әкімі Митя Фоминмен бірге қаланың 140 жылдығында бірге айтты, - деп хабарлайды "Наш Костанай". Қала басшысы Қайрат Ахметов бүкіл кешті қала тұрғындарымен бірге алаңда өткізді.
17 тамызда кешкісін Қостанай қаласының мерейтойын тойлау соңғы күні болды. Облыс әкімдігінің алдында құрылған сахнада қала тұрғындары үлкен концертті тамашалады.
Бұл кеште Арқалық қаласында дүниеге келген Astana Opera солисі Сүндет Байғожин өнер көрсетті. Содан кейін сахнаға "Формат" тобы мен Қайрат Баекенов шықты.
Халық әншілермен бірге ән айтып, би биледі. Барлығы да мәскеулік әнші Митя Фоминді асыға күтті.
Ресейлік шоу-бизнесс өкілі бір сағат шамасында өнер көрсетіп, барын салды. Ол сахнада белсенді билеп, көрермендерге үш рет шығып, шетте тұрғандарға "бестік" берді.
Әнші үзіліс кезінде жиналған жұртшылықпен сөйлесті. Ол ән айтуға қиналғанында жасырмады. Күндіз ол облыстық ауруханаға түскені белгілі болды. Алайда қандай диагнозбен және қандай жағдай болғанын айтудан бас тартты. Есесіне өзімен бірге ән салуды сұрады.
"Митя Фомин арнайы қонақтар отырған шатырдың астына барды, онда қала әкімі Қайрат Ахметов те отырған. Әртіс осы кезде "Все будет хорошо" әнін орындап жатқан еді. Осылайша ол қала басшысына да ән айтуға мүмкіндік берді. Қайрат Жұмашұлы саспай, лайықты деңгейде ән салды. Қала басшысы бүкіл кешті жұртшылықпен өткізуі көп нәрсені айтады. Әкімнің халықпен болғаны жақсы емес пе? Фоминнен кейін S-Brothers мәскеулік диджейлер дуэті өнер көрсетті. Hi-Fi солисінің әндерін диджейлер әп-сәтте ұмыттырып жіберді. Олар нағыз клубтың әуендерін орындады. Жастар мәз, ересектер не болғанын түсінбей жатыр. Осы кезде қала әкімі де қайтты. Мұндай әуен барлығы үшін емес әрине", - деп жазады басылым.
Кейінірек отшашулар болды.
© Владимир Фаиль/top-news.kz