31 желтоқсан 2021 | 09:09

Қырғызстандық әнші "Ресей дауысы" финалында жеңімпаз атанды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Александр Волкодав. Instagram / voice1tv және 1TV Александр Волкодав. Instagram / voice1tv және 1TV

Қырғызстандық Александр Волкодав "Ресей дауысы" шоуында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Бірінші арнаға" сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстандық Александр Волкодав "Ресей дауысы" шоуында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Бірінші арнаға" сілтеме жасап.

Байқаудың финалында Александр Градскийдің командасынан қазақстандық Әлішер Кәрімов, Дима Биланның командасынан қазақстандық Ернар Сәдірбаев, Пелагея командасынан қырғызстандық Александр Волкодав және Леонид Агутиннің командасынан ресейлік Элина Пан өнер көрсетті.

Шоуды Леонид Агутин және оның шәкірті Норильск қаласынан келген Элина Пан ашты, олар дуэт ретінде Агутиннің "Включите свет" әнін орындады. Сахнаға екінші болып қазақстандық Ернар Сәдірбаев пен оның тәлімгері Дима Билан шығып, "Ты должна быть рядом" (авторлары: С.Әлиханов, С.Робсон, М.Эскоффери) әнін орындады. Үшінші дуэт Пелагея мен қырғызстандық Александр Волкодав болды. Олар ағылшын тілінде "Ойын" әнін шырқады (авторлары: Ф.Гарди, Д.Мор, У.Нокс, Дж. Сдужу).

Төртінші болып Әлішер Кәрімов шықты, бірақ жалғыз емес. Бұл спектакльге Александр Градскийдің видеосы қосылды. Ол тәлімгерімен бірге "Как молоды мы были" әнін орындады (авторлары: А.Пахмутова, Н.Добронравов). 

Содан соң финалистер жеке өнер көрсетті.

Элина Пан "Любовь, похожая на сон" әнін (авторлары: И.Крутой, В.Горбачева), Ернар Сәдірбаев - "Ищу тебя" әнін (авторлары: А.Зацепин, Л.Дербенев), Александр Волкодав - "Казачья" әнін (авторлары: С.Трофимов), Әлішер Кәрімов - "Ноктюрн" әнін (авторлары: А.Бабаджанян, Р.Рождественский) орындады.

Финалға жеткен жалғыз ресейлік Элина Пан дауыс беру нәтижесінде жобадан шықты.

Келесі кезеңге Ернар Сәдірбаев "Освобожденная мелодия" композициясымен (авторлары: А.Норт, Х.Зарет), Александр Волкодав "Луч солнца золотого" (авторлары: Г.Гладков, Ю.Энтин), Әлішер Кәрімов Джулио Каччинидің "Аве Мария" әнімен шықты.

Ернар Сәдірбаев дауыс беру нәтижесі бойынша шоудан кеткен төрт финалистің екіншісі болды.

Байқау жеңімпазы қазақстандық Әлішер Кәрімов пен қырғызстандық Александр Волкодав арасында анықталды.

53,3 пайыз нәтижемен Александр Волкодав байқауда жеңіске жетті. Ал Әлішер Кәрімов 46,7 пайыз дауыс жинады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 530.2  course up  543.85  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer