Қытай басылымы Димаш Құдайбергенов туралы: Тәңір өз назарына алған жас әнші

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытай басылымы Димаш Құдайбергенов туралы: Тәңір өз назарына алған жас әнші

Димаш Құдайбергенов Қытайдың Hunan TV мәдени арнасындағы I am a Singer байқауына қатысып жатыр. 10 қаңтарда Димаш Қытай көрерменінің алдына алғаш рет шыққан соң, жас әнші туралы Қытай баспасөзі жаза бастаған. Бұл туралы әншінің анасы Света Айтбаева бүгін Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді, - деп жазады Massaget.kz басылымы. 

Қытай тілінде басылған жазбадан: "Шоуға Қытай әншілері қатысады, ал Қазақстаннан Димаш есімді әнші келген. Димашқа қытай сарапшылары "талантты, қабілетті әнші" деп баға берді. Ол француздың ең қиын әнін орындады. Қытай халқы Димашты қошеметпен қарсы алды. Димаш - Тәңір өз назарына алған жас әнші (称为“天才少年”的迪马西 一出台就放大招)", - деген сөздерді оқуға болады. Теленұсқа жарыққа шықпаса да, әлеуметтік желіде Димаштың қытай тілінде айтқан әні кең тарады.

Мұнымен қатар, басылымның мәліметінше, байқауға қатысып жүрген Димаш қытайлық "Happy Camp" бағдарламасында қонақта болған. Бағдарламада қазақ әншісі Селин Дионның орындауындағы "All by myself" және Бибігүл Төлегенованың репертуарынан "Бұлбұл" әнін шырқаған. Сонымен бірге қытайдың "Тин лян" әнінің орындалу техникасын көрсеткен.

"Шоу бағдарлама барысында қазақстандық жас әнші аспан асты елінің танымал тележүргізушілерін қазақша сөйлетті. Бағдарламада қатысушылар музыкалық, танымдық ойындар ойнады", - деді Димаш Құдайбергеновтың досы Алпамыс Шаримов "Тілші" сайтына берген сұхбатында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети