Астанада өтетін балалар шығармашылығының IX Республикалық "Жұлдызай" фестиваліне қытайлық Hand in Hand дуэті келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымдастырушыларға сілтеме жасай отырып.
Астанада өтетін балалар шығармашылығының IX Республикалық "Жұлдызай" фестиваліне қытайлық Hand in Hand дуэті келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымдастырушыларға сілтеме жасай отырып.
Айта кетейік, Hand in Hand құрамында автокөлік апатында қолынан айырылған балерина Ма Ли, кішкентай кезінде жұмыс істеп тұрған трактордың мехнаизміне түсіп аяғынан айырылған Чжай Сяовэй бар. Олардың ұраны: "Бір қол, бір аяқ және екі үлкен жүрек". Музыканттар балаларға өз өмірлері және қиындықтармен күрестері жайлы айтып береді.
Балалар өз өнерлерін паш ететін "Жұлдызай" фестивалі 2014 жылы 25 мамыр мен 1 маусым аралығында Астана қаласында өтеді. Қазіргі уақытта фестивальдің екінші іріктеу маусымы болып жатыр. Мүмкіндігі шектеулі талантты балаларды Қазақстанның түкпір-түкпірінен ұйымдастырушылар шақырып қойған. Астанаға 300 бала келіп, "аспапты, қимылды және вокалды орындау", "бейнелеу өнері", "хореография", "әнді қимылмен орындау", "сәндік-қолданбалы өнер" және "әлеуметтік видео" номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтайды.
Осы уақытқа дейін ұйымдастырушылар Қазақстанның түрлі қалаларынан 500-ге жуық нөмірді көрді. Тараз, Орал және Өскемендік балалар 2015 жылғы мерейтойлық "Жұлдызай" фестивалінің ашылу салтанатын жүргізу құқығына ие болу үшін күш сынасты. Талдықорған қаласы өз суретшілерімен көзге түсті. Ыммен мықты жұмыс жасаушылар Ақтөбеден табылды. Алматы мен Петропавл бишілерге бай болып шықса, Шымкент пен Қарағанды вокал бойынша озық тұрды.
Ақтық кезең 1 маусымда "Қазақтан" орталық концерт залында өтеді. Балаларға арналып ауқымды гала-концерт дайындалып жатыр. Концерт барысында сахнадан талантты қатысушылардың өмірі баяндалып отырады. Айта кетейік, "Жұлдызай" фестивалі 11 наурыздан басталды және "Әлеуметтік видео" номинациясы биыл бірінші рет жобаға қосылып отыр. Екінші іріктеу турына әр өңірден 16 клипмейкер өтуі қажет. "Жұмыстардың барлығы – бірегей. Олардың әрқайсысы махаббат пен жылуға, достық кең пейліге толы. Операторлық жұмыс, мәтін, монтаж және қойылымның барлығы бірігіп, балалардың өзгелерден ерек балалық шағынан хабар беретін керемет дүние болып шыққан" - дейді фестивалдің қоюшы-режиссері әрі әділқазылар алқасының төрағасы Бақытжан Тәжінов. Өзге фестивальге ұқсамайтын "Жұлдызай" фестивалі соңғы жылдары 25 мыңға жуық балаға өз талантын ашуға көмектесті.