02 наурыз 2016 | 17:39

Қызылордалық әнші қыз "Украина дауысы" жобасына қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

24 жастағы қызылордалық әнші Айнұр Нұрпейісова Украинаның "Дауыс" жобасына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

24 жастағы қызылордалық әнші Айнұр Нұрпейісова Украинаның "Дауыс" жобасына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айнұр Нұрпейісова Александр Пономаревтің украин тіліндегі "Варто чи ні" әнін орындады. Өкінішке қарай, қазылар алқасының ешқайсысы қызға бұрылмады. Ән аяқталғаннан кейін жылап жіберген Айнұрды қазылар алқасы дереу жұбата бастады.

"Сіз білесіз бе, біз сізбен Алматы немесе Астанада кездесіп, сахнада бірге ән айта аламыз. Өмір енді ғана басталды", - деді "Океан Эльзы" тобының мүшесі Святослав Вакарчук Айнұрға қарап.

Оған Потап та қосылып, Айнұрмен бірге "Океан Эльзы" тобының әнін орындайтынын айтты.

Айта кетейік, Айнұр Нұрпейісова Қызылорда қаласының тумасы. Жүргенов атындағы өнер академиясын "Эстрада вокалы" мамандығы бойынша бітірген ол бұған дейін қазақстандық X-Factor жобасына қатысты.

"Украина дауысы" - 2010 жылы Голландия телеарнасынан көрсетіле бастаған The Voice телешоуының аналогы. Бұл жоба тек дарынды қатысушыларды іріктемейді, сонымен қатар кәсіби дауыс иелерін іздейді. "Украина дауысы" жобасында түрлі жылдары Тамара Гвердцители, Ани Лорак, Сергей Лазарев, Святослав Вакарчук, Потап, Иван Дорн және Тина Кароль қазылық етті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети