Леди Гага "жыл әйелі" атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Леди Гага "жыл әйелі" атанды Леди Гага

Америкалық Billboard журналы Леди Гагаға "Жыл әйелі" атағын берді, - деп хабарлайды "МУЗ-ТВ". Ерекше әншіге жүлде 11 желтоқсанда Нью-Йоркте өтетін салтанатты шара барысында тапсырылады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық Billboard журналы Леди Гагаға "Жыл әйелі" атағын берді, - деп хабарлайды "МУЗ-ТВ". Ерекше әншіге жүлде 11 желтоқсанда Нью-Йоркте өтетін салтанатты шара барысында тапсырылады.

Сарапшылар Леди Гаганы тек ерекше әртіс қана емес, қажырлықтың, ер мінезділіктің символы, оның қайырымдылықпен айналысуы, шоу-бағдарламалары "заманауи медиажұлдыздарға басқаша қарауға мүмкіндік беретінін" айтты.

Айта Кетейік, Леди Гага бұл жаңалыққа өзінің қалай қарайтынын айтып үлгерді. Ол Twitter парақшасында былай деп жазды: "Billboard журналының мені "Жыл әйелі" деп атағанына сене алмай тұрмын! Үлкен рахмет! Өте қуаныштымын!".

Еске сала кетейік, 2014 жылы "Жыл әйелі" америкалық әнші Тейлор Свифт болған еді. Бұған дейін бұл атаққа Бейонсе, Кэти Перри және Ферджи ие болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети