Майкл Джексонның бұрынғы продюсері: "Мен Қазақстанның жанкүйерімін"

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Майкл Джексонның бұрынғы продюсері: "Мен Қазақстанның жанкүйерімін" © 24.kz

Америкалықтар Қазақстанды көруге құштар. Олардың арасында АҚШ-тың мәдениет қайраткері Сандра Дакоста да бар, - деп хабарлайды "Хабар 24" тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалықтар Қазақстанды көруге құштар. Олардың арасында АҚШ-тың мәдениет қайраткері Сандра Дакоста да бар, - деп хабарлайды "Хабар 24" тілшісі.

Ол ұлы даланың тарихы мен мәдениеті жайында білгісі кеп, біздің жаққа аңсары ауып тұратынын айтады. Жалпы Дакоста америкалық шоу бизнесте белгілі тұлға. Ол АҚШ-тың көптеген жұлдызымен бірге жұмыс істеген. Олардың арасында әйгілі джаз орындаушысы Майлс Дэвис, әнші Майкл Джексон және Мэрайя Кэри бар.

"Мен Қазақстанның жанкүйерімін. АҚШ пен Қазақстан арасында жаңа туристік бағыттар ашылып жатқанына қуаныштымын. Бұл сіздің елге барып, мәдениетін танысам деушілерге үлкен мүмкіндік. Біз америкалық еріктілердің Қазақстанға барып ағылшын тілін үйрету бағдарламасын қолдаймыз. АҚШ Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыра беруі тиіс. Бізге қазақ халқының мәдениеті, салт-дәстүрі, музыкасы және ұлттық тағамы да ұнайды. Екіжақты байланысымыз нығая берсін", - дейді Сандра Дакоста.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети