Макаревич өзінің соңына түсіп жүрген адамның атын атады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Андрей Макаревич "Дождь" телеарнасының студиясында Андрей Макаревич "Дождь" телеарнасының студиясында

Андрей Макаревич өзінің ізіне түсіп, қудалап жүрген адамның атын атады. "Машина времени" тобы жетекшісінің айтуынша, ол - Ресей президенті әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Вячеслав Володин. "Менде ешқандай жазбаша дәлел жоқ, бірақ менің білуімше, ол Володин. Оның маған неге соншалықты ашуланатынын білмеймін, бірақ әйтеуір оған ұнамай-ақ қойдым", - деп мәлімдеді музыкант дүйсенбі күні "Дождь" телеарнасының эфирінде.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Андрей Макаревич өзінің ізіне түсіп, қудалап жүрген адамның атын атады. "Машина времени" тобы жетекшісінің айтуынша, ол - Ресей президенті әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Вячеслав Володин. "Менде ешқандай жазбаша дәлел жоқ, бірақ менің білуімше, ол Володин. Оның маған неге соншалықты ашуланатынын білмеймін, бірақ әйтеуір оған ұнамай-ақ қойдым", - деп мәлімдеді музыкант дүйсенбі күні "Дождь" телеарнасының эфирінде.

Әнші бұлай айтуға оның нақты себебі бар екендігін жеткізді, алайда ол бұл ақпараттың дерек көзін ашудан бас тартты. Сонымен қатар ол жоғарғы қызметтегі шенеунікпен жекелей таныс еместігін жеткізді. Макаревичтің айтуынша, Володинмен жеке кездескен күннің өзінде ол музыканттың нұсқасын ешқашан растамайтынын тілге тиек етті.  

Айта кетейік, ресейлік рок-музыкант Украинаға қатысты ұстанымы үшін өз отанында бірден сынға ұшырады. Мәселен "Машина времени" тобының жетекшісі Қырымның Ресейге қосылуын үлкен қателік деп есептейді. 

Осы жылдың 12 тамызында Святогорск қаласында Украина әскеріне концерт бергеннен кейін Макаревичте нағыз проблема басталды. Оның Украина туының астында өнер көрсеткенін Ресей сатқындық деп бағалады. Осыдан кейін әншіні "әскери топтың досы" деп атай бастады, Мемлекеттік дума оны барлық мемлекеттік сыйлықтан айыруды ұсынған. Макаревичтің Ресейдің түрлі қалаларында өтуі тиіс концерттері бірінен кейін бірі өткізілмей қалған.

Тамыз айының соңында музыкант Ресей президенті Владимир Путинге ашық хат жазып, БАҚ-та өзіне қатысты айтылып жатқан жалалар ағынын тоқтатуды сұрады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.06  course up  533.94  course up  5.31  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer