28 қазан 2014 10:00

Макаревич өзінің соңына түсіп жүрген адамның атын атады

Андрей Макаревич "Дождь" телеарнасының студиясында

Андрей Макаревич өзінің ізіне түсіп, қудалап жүрген адамның атын атады. "Машина времени" тобы жетекшісінің айтуынша, ол - Ресей президенті әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Вячеслав Володин. "Менде ешқандай жазбаша дәлел жоқ, бірақ менің білуімше, ол Володин. Оның маған неге соншалықты ашуланатынын білмеймін, бірақ әйтеуір оған ұнамай-ақ қойдым", - деп мәлімдеді музыкант дүйсенбі күні "Дождь" телеарнасының эфирінде.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram