24 шілде 2016 | 12:52

Мақсат Базарбаев "Музарт" тобынан кетуінің себебін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/saken_maigaziyev © instagram.com/saken_maigaziyev

Мақсат Базарбаев "Музарт" тобынан кеткенде арада еш кикілжің болмағанын, топтан өз еркімен кеткенін айтты. 
Бұл туралы Stan.kz 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.


Иконка комментария блок соц сети

Мақсат Базарбаев "Музарт" тобынан кеткенде арада еш кикілжің болмағанын, топтан өз еркімен кеткенін айтты. 
Бұл туралы Stan.kz 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Мақсат Базарбаев топтан кеткен соң 9 ай бойы күйзелісте болған. Көпке дейін қиналып, Кенжебекті ең алғаш көрген кезде өз-өзін қолға алуы керектігін түсінген. Осы сәттен бастап өзін-өзі қолға алып, жеке шығармашылығын дамытуға кіріскен.

"Өнер болған соң барлығы да болады. Мүмкін бұл топта жүре берсем, халық бізден жалығып кетер ме еді?! Мерейтойда Сәкен, Мейрамбек үшеуіміз ең алғашқы әндеріміздің бірін орындадық. Ол Мұқағали Мақатаевтың "Сенің көзің" атты әні болған. Бойымды сағыныш оты кернеп, уақыт 15 жыл артқа жылжығандай болды. Құдды 25 жасымыз қайта келіп жатқандай. Ол кезде от едік қой", - деді ол.

"Бір шетінен "Музарттан" кеткенім де дұрыс болды. Себебі, отбасыңмен, ата-анаңмен жайшылықта қыдырып, көшеде еркін жүргің келеді. Мұзартта жүріп ешуақытта жұлдыз ауруымен ауырған емеспін. Мен бұл ауруды мектеп қабырғасында басымнан өткерген едім", - дейді Мақсат Базарбаев.

Көпшілік сол уақытта әншіні Мейрамбекпен сыйы жараспай кетті деп ойлаған-ды. Базарбаев аталған арнаның тілшілеріне болған жайды ашып айтты.

"Білмеген адамдар әртүрлі айтып жатады. Мен бар болғаны өзімнің жеке шығармашылығымды жалғастырғым келді. Арамызда ешқандай ұрыс, түсініспеушілік болмады. Әрине, көкейімде өкініш бар. Өкінбейтіндей тас жүрек емеспін ғой. Қарым-қатынасымызда еш сызат жоқ. Әлі күнге дейін қуанышымыз бен қайғымыз ортақ", - деді әнші.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети