НАУРЫЗДЫҢ ТОЙЛАНУЫ. 21 НАУРЫЗ

Марат Бисенғалиев қазақстандық жас скрипкашыларға шеберлік дәрісін өткізді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Марат Бейсенғалиев. ©Ярослав Радловский Марат Бейсенғалиев. ©Ярослав Радловский

Белгілі музыкант Марат Бисенғалиев қазақстандық жас скрипкашыларға шеберлік дәрісін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Белгілі музыкант Марат Бисенғалиев қазақстандық жас скрипкашыларға шеберлік дәрісін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Халық аспаптары мұражайының концерт залында өткен шеберлік дәрісіне Астана, Тараз, Ақтау, Омск және Алматы қалаларынан дарынды студенттер қатысты. Қатысушылардың басым бөлігі - скрипкашылар арасында өткен халықаралық байқаулардың жүлдегерлері мен лауреаттары.

Ұйымдастырушылар шеберлік дәрісіне өзге қалалардан келген қатысушыларына жол ақысы мен қонуға ақша төлеп беріпті, ал маэстро Марат Бисенғалиев болса гонорардан бас тартты. Республиканың білім беру мекемелерінің ұсынысымен келіп қатысқан студенттермен қатар шеберлік дәрісіне қалаған адам қатыса алды. Жобаны Алматы қалалық мәдениет басқармасы мен Raimbek компаниясы бастаған Алматы симфониялық оркестрі достар клубы ұйымдастырды.  

Шара Марат Бисенғалиев жетекшілік ететін Алматы симфониялық оркестрінің Нью-Йорк қаласына гастрольдерінің аясында өтіп отыр. Айта кетейік, 2014 жылдың 12 қарашасында классикалық музыка орындауда әлемнің ең беделді деп саналатын Карнеги-холл сахнасында "Абай" және "Шәкірім" сюиталарының таныстырылымы болады. "Абай" мен "Шәкәрім" шығармаларының авторы - британ композиторы, Таңдаулы орденінің командоры Сэр Карл Дженкинс. Маэстро бұл шығармаларды жазуға аса жауапкершілікпен кірісіп, Қазақстанға арнайы келіп, көшпенділер еліндегі музыкалық ортаны, қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын зерттеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer