Үстіміздегі жылдың 12 мамыры күні Лондонда Марат Бисенғалиев пен Еркеш Шакеевтің "Inception" атты классикалық музыка альбомы жазыла бастады. Осы орайда 19 мамыр күні "Assorti" мейрамханасында аталған жобаға қатысты баспасөз конференциясы өтеді.
Үстіміздегі жылдың 12 мамыры күні Лондонда Марат Бисенғалиев пен Еркеш Шакеевтің "Inception" атты классикалық музыка альбомы жазыла бастады. Осы орайда 19 мамыр күні "Assorti" мейрамханасында аталған жобаға қатысты баспасөз конференциясы өтеді.
Қазақстандық мәдениетті халықаралық деңгейде әлемге танытқан атақты скрипкашы-виртуоз Марат Бисенғалиев пен белгілі композитор Еркеш Шәкеев сынды атақты брэндтердің бірлескен жобасында еліміздің классикалық музыкасы әлемдік мәдениет кеңістігіне жолдама алмақ.
Мамырдың 12-сі күні "AIR studios" (London)" британдық студиясында Марат Бисенғалиев пен Лондонның симфониялық оркестрінің орындауында Еркеш Шәкеевтің шығармалары жазыла бастады. Альбомға Марат Бисенғалиевтің жеке орындауындағы және симфониялық оркестрге арналған 11 композиция енді. Бұл пост-продакшн альбом екі ай бойы жазылады. Альбомның саундпродюсері англиялық продюсер Александр Ван Инген. Атқарушы продюсер DECA Сlassics. Аранжировкасын Ұлыбританияның, Канаданың, Италияның мамандары жасауда.
Неоклассика жанрындағы өте сұлу да, сазды музыкалық материалдар терең лирикамен астасып автордың өмірге деген философиялық көзқарасын білдіреді. Кәсіби мамандардың жазылған музыкаға қатысты айтылған алғашқы пікірлерінен-ақ альбомның қандай сұранысқа, беделге ие болатынын аңғаруға болады. Айталық, Элвис Преслиге, Рэй Чарльзға, Джо Коккерге, Клифф Ричардқа арнап музыка жазған ағылшын сазгері Гай Флетчер фантастикалық музыкаға бірден ғашық болғанын жасырмады.
Марат Бисенғалиев – есімі бүкіл әлемге мәшһүр скрипкашы. Ол әлемдік мәдениетке үлес қосқаны үшін алтын дискілерге ие болған алғашқы қазақстандық. Музыкант көптеген мемлекеттік марапаттардың иегері, ол Carnegie Hall, Lincoln Centre (New York) Wigmore Hall, Barbican Centre, Royal Albert Hall, Royal Festival Hall (London) және тағы басқа әлемдегі үздік концерт алаңдарында өнер көрсеткен. "Naxos", "Marco Polo" , "EMI" және Марат пен Sony BMG секілді атақты дыбыс жазу студияларымен бірлесе отырып, Марат өзінің біршама жинақтарын шығарды. Олар әлемдік мәдениеттің жауһарына айналды.
Еркеш Шәкеев - ақын, сазгер, көптеген әндердің авторы, 1999 жылы Австралияда өткен Оңтүстік-Тынықмұхиттық "Pacificsongcontest" халықаралық ән байқауының лауреаты (40 мемлекеттен 3000 қатысушы), "Best European Entry" британдық композиторлар мен авторлар академиясының арнайы сыйлығының иегері, "Платиналы Тарлан" сыйлығының иегері, "Жыл әні" байқауының бірнеше мәрте лауреты. 2013 жылы ЕМА 2013 байқауында Еркеш Шәкеев "Үздік композитор" атағын алған. Бұл марапатты музыкантқа аты аңызға айналған француздың шансоньесі Шарль Азнавур табыс етті. Қазір британдық "AIR studios" (London)" студиясында Еркеш пен Мараттың екінші жинағына енетін шығармалар әзірленуде. Музыка әлемінің алыптары туралы осы және басқа да әңгімелер 19 мамыр күні Алматы қаласында өтетін баспасөз отырысында кеңінен қозғалмақ.