Мария Мудряк Опералық бал бірінші бәйгесінің иегері атанды

18 Мамыр 2014, 15:58
0
Мария Мудряк Опералық бал бірінші бәйгесінің иегері атанды - Жыл сайынғы опера балы. Фото ©Айжан Тугельбаева
Жыл сайынғы опера балы. Фото ©Айжан Тугельбаева
Мария Мудряк Опералық бал бірінші бәйгесінің иегері атанды - Мария Мудряк
Мария Мудряк
Мария Мудряк Опералық бал бірінші бәйгесінің иегері атанды - Жыл сайынғы опера балы. Фото ұйымдастырушылардан алынды
Жыл сайынғы опера балы. Фото ұйымдастырушылардан алынды
Мария Мудряк Опералық бал бірінші бәйгесінің иегері атанды - Ахметжан Есімов и Сумо Чо
Ахметжан Есімов и Сумо Чо

Алматыда опера өнерінің дамуына үлес қосу үшін жас орындаушылар арасында бірінші бәйге болып өтті. Айта кетейік, ірі мегаполисте жыл сайын өтетін қайырымдылық балы 2014 жылы Опералық бал деген атпен жалғасты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірінші орынды жер-жаһанға танымал 20-жасар павлодарлық Мария Мудряк иеленді. Жас әншіге бір миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыс етілді. Мария Мудрякты сахнада кештің хэдлайнері, "Грэмми" сыйлығының иегері, оңтүстіккореялық опера әншісі Сумо Чо (Sumi Jo) құттықтады.

Айта кетейік, Мария Мудряк 5 жасында ең жас әнші ретінде Гиннес рекордттар кітабына енген болатын. Он екі жасында Мария президенттің "Болашақ" шәкіртақысын иеленіп, Ла-Скала театрына қарасты Миландағы Жоғарғы музыка академиясына қабылданған. Бүгінде Мария Милан музыка академиясындағы оқуын аяқтауға жақын. Сондай-ақ ол Карло Феличе театрының жас әншісі.

Eventica Group компаниясының негізін қалаушы әрі директоры Марат Омаров The Opera Ball (Опералық балл) қазіргі заманғы операға ондаған жаңа есімді алып келетініне сенімді. "Біз алдымызға күрделі мақсат қойдық, 2020 жылға қарай біздің бұл жобамызды Еуразияда ең танымал шараға айналдыруды көздеп отырмыз. Ол уақытқа дейін бұл шара жаңа атауға ие болуы мүмкін. Біз жыл сайын ұйымдастырылатын шарамыз тек адамдар әдемі киініп келетін, тек көңіл көтеретін мерекелік салтанат емес, тарихта қалатын жоба жасағымыз келеді, әлемде із қалдырғымыз келеді. Біз "Оскар", "Канн фестивалі" секілді әлемге әйгілі жоба ретінде ел есінде қалуды мақсат етіп отырмыз. Бүкіл әлемді мойындататын келесі Пласидо Доминго өзінің өнердегі алғашқы қадамын осы опералық балдан бастадым деп әңгімелейтін болады болашақта", - деді М.Омаров.

Балдың салтанатты кешін полонез биімен (поляк халқының салтанатты ескі биі) 73 жұп дебютанттар ашты, олардың ішінде "Он и она" фильмінен белгілі актриса Динара Бақтыбаева мен опера әншісі Күміс Базарбаева бар.

Оңтүстіккореялық опера әншісі Сумо Чо өзінің өнерін көрсеткеннен кейін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтен қонақтарға фортепианода ойнап беруін өтінді. Қала басшысы қуанышпен өзінің дарынын көрсетіп, екі композицияны - Beatles тобының Yesterday және Time Yesterday to say goodbye орындады, өз кезегінде Ресейдің белгілі әншісі Сати Казанова мен Сумо Чо ән айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы V қайырымдылық балынан түскен қаржы жасөспірімдер арасындағы суицидпен күреске жұмсалады деп шешілген. Сонымен 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап жасөспірімдер арасындағы өлімді азайту мақсатында "Дос" деп аталатын онлайн қолдау орталығы ашылған болатын. Бүгінде орталық тәулік бойы жұмыс істейді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай