23 қараша 2015 10:59

Мәскеуде "Алтын күз" байқауының Бас жүлдесін Алтай қазағы жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл сахнаға 13 өнерпаз шықты. © Tengrinews.kz. Биыл сахнаға 13 өнерпаз шықты. © Tengrinews.kz.

Қазақ әндерінен жыл сайын өтетін "Алтын күз" байқауында Бас жүлдені алтайлық қазақ жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Мәскеуден.


Қазақ әндерінен жыл сайын өтетін "Алтын күз" байқауында Бас жүлдені алтайлық қазақ жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Мәскеуден.

Бұл байқау бірнеше жыл қатарынан өтіп келе жатыр. Оны "Мұрагер" қазақ мәдениетінің мәскеулік ұйымы, қазақ диаспорасы, Қазақстан елшілігінің қолдауымен Ресей ЖОО-дағы қазақстандық студенттер және Еуразиялық экономикалық комиссиясы ұйымдастырады.

Биыл сахнаға 13 өнерпаз шықты. Географиясы - Қазақстанның оңтүстігінен Ресейдің солтүстігіне дейін. Түрлі ұлт өкілдері қазақ тілінде ән салды - украин, қырым татарлары, ноғайлар. Байқау қатысушылары сахнада түрлі тарихи қойылымдарды, тіпті мини-мюзиклдерді сомдады. Батырхан Шүкеновті де еске алуды ұмытпады. Қатысушылар оның әндерін айтып, залдағылар талантты әрі қазақстандық ғажап орындаушыны бір минут үнсіздікпен еске алды.

Байқауда Гран-при жас әнші Азамат Есімовке бұйырды. Ол Абайдың сөзіне жазылған "Көзімнің қарасы" атты әнді орындап, әділ қазылар алқасы мен көрермендердің жүрегін жаулады. Екінші орын Қалмақстанның Элиста қаласынан барған Айса Брюгидиковаға берілді, ал үшінші орынды көкшетаулық Амандық Сейтіков иеленді. Көрермендер көзайымы сыйлығы Орск қаласынан барған кәсіби дуэт Жангелді Мұқатов пен Әлия Демесеноваға табыс етілді.

Кешті ММУ студенті Мадияр Хамзанов ашты. Ол "Шапағат" әнін орындап, баршаны талантымен тәнті етті. Айта кетейік, бұл концертте Ресейдің әр өңірінен барған 35 қазақ қоғамдық ұйымдарының өкілдері болды. Кеш болғанға дейін олар қазақ тілін, дәстүрін, салтын және Ресейде тұрып жатқан отандастар арасындағы мәдениетін дәріптеу және сақтау бойынша жасалатын жұмыстардың бағыты талқыланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети