02 қыркүйек 2018 15:09

Мәскеуде Иосиф Кобзонмен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости / Григорий Сысоев © РИА Новости / Григорий Сысоев

Мәскеудегі Чайковский атындағы Концерт залында әнші әрі депутат Иосиф Кобзонмен қоштасу рәсімі өтіп жатыр, шараға әріптестері, жақындары және тыңдармандары келді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Мәскеудегі Чайковский атындағы Концерт залында әнші әрі депутат Иосиф Кобзонмен қоштасу рәсімі өтіп жатыр, шараға әріптестері, жақындары және тыңдармандары келді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Қоштасу рәсімі таңғы сегізде басталды. Жарты сағат өткен соң адамдар көбейе бастады, Триумфал алаңда кезекте тұрғандар бар. 

Әріптестері мен жақындары гүл шоқтарын алып келіп жатыр, Кобзонның балары мен жарына көңіл айтып жатыр. Залға адамдар біртінде тоып жатыр, көңілсіз музыка ойнап тұр, ал сахнада көптеген гүлдестелер (венок) қойылған. 

Бір тура орындаушымен қоштасуға бірінші болып келгендердің бірі - Валентина Терешкова мен Леонид Рошаль.

Айта кетейік, 30 тамызда КСРО халық әртісі, РФ Мемлекеттік думасының депутаты Иосиф Кобзон қайтыс болды.

"КСРО халық әртісі Иосиф Кобзон көз жұмды. Ол 80 жаста еді", - делінген хабарламада.

Кобзон ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылған. Оның денсаулығындағы проблемалар 2005 жылы онкологиялық ауру анықталған кезде белгілі болған еді. Бұдан кейін Кобзон бірнеше операцияны өткерді.

Иосиф Кобзон 1937 жылы 11 қыркүйекте Украинаның Донецк облысындағы Часов Яр қаласында дүниеге келген, ол ән айтуды бала кезінен бастаған. 11 жасында Кремль алаңында Иосиф Сталиннің алдында "Летят перелетные птицы" әнін орындаған.


Суреттерді Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі жолдады

Кобзонның гастрольдік еңбек жолы жарты ғасырға созылды. 2012 жылы 75 жасқа толғанында әнші өзінің концерттік қызметін аяқтайтынын мәлімдеді. Алайда әнші бұдан кейін де сахнаға шығуын тоқтатпады, гастрольдік сапарымен Ресейді аралап, әлеуметтік-саяси процесстерге белсене қатысып жүрді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети