Мәскеуде терезеден құлап мерт болған сәбидің әкесі танымал рэпер MiyaGi болып шықты - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеуде терезеден құлап мерт болған сәбидің әкесі танымал рэпер MiyaGi болып шықты - БАҚ © kuda29.ru

Ресейлік танымал рэпер MiyaGi есімімен белгілі Азамат Кудзаевтың бір жарым жасар баласы Мәскеуде қайтыс болды, - деп хабарлайды РЕН ТВ.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік танымал рэпер MiyaGi есімімен белгілі Азамат Кудзаевтың бір жарым жасар баласы Мәскеуде қайтыс болды, - деп хабарлайды РЕН ТВ.

Әншінің таныстарының айтуынша, сәби терезеден құлап кеткен. Нәресте жедел жәрдем келгенге дейін мерт болған. 

Айта кетейік, телеарна бұл мәліметті ресми нақтылаған жоқ, ал Мәскеу полициясы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Рэпердің өзінен пікір алу да мүмкін болмаған. 

Соған қарамастан, әртістің баласы қайтыс болғаны туралы әлеуметтік желіден хабарламалар келіп жатыр. 

Азамат Кудзаев MiyaGi&Эндшпиль дуэтінің мүшесі. Топ хип-хоп және рэп жанрларындағы әуендерді орындайды. 2017 жылы I Got Love әнін жұртшылыққа тарту етті. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети