28 маусым 2018 10:53

Майкл Джексонның әкесі қайтыс болды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атақты әнші Майкл Джексонның әкесі, музыкалық менеджері Джозеф Джексон Лос-Анджелесте қайтыс болды, - деп хабарлайды TMZ.


Атақты әнші Майкл Джексонның әкесі, музыкалық менеджері Джозеф Джексон Лос-Анджелесте қайтыс болды, - деп хабарлайды TMZ.

Джексон 89 жаста болған. Маусымда ол онкологиялық аурудың соңғы кезеңімен ауруханаға жатқызылған еді. Ол әйелі, балалары мен немерелерінің жанында көз жұмды. 2014 жылы Джозеф Джексон Даңқ залына қосылды. Оның 10 баласы бар - сәби кезінде қайтыс болған баласынан басқасының барлығы кәсіби музыкант.

1960 жылдың басында Джо Джексон өз ұлдарынан құралған Jackson 5 музыкалық тобының менеджері ретінде жұмыс істей бастады. Кейінірек, Майкл Джексон әкесінің үнемі жаттығулар кезінде және сахна алдында ұрысып, жанжал шығаратынын айтқан. Ол әкесінің қатаң тәртібі мансабында үлкен рөл атқарғанын атап өткен еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети