MBAND тобының әншісі қазақстандық Анатолий Цой телевизиялық өнер саласындағы жоғары жетістігі үшін ресейлік ұлттық телевизиялық ТЭФИ сыйлығын алды. Бұл туралы топ Instagram парақшасында жазды.
ТЭФИ сыйлығын табыстаудың салтанатты шарасы 3 қазанда Мәскеудің мюзикл театрында өтті. Әнші жүргізуші болған "Саранхэ" жобасы" "Прайм-таймның көңілді ток-шоуы" номинациясын жеңіп алды", - делінген хабарламада.
Биыл ақпанда Анатолий Цой CTC Love телеарнасындағы "Саранхэ" жобасының (корейше: "мен сені сүйемін" - Авт.) жүргізушісі болды. Бағдарламаның қатысушылары - ғашық жұптар, олар бір-біріне қатысты сұраққа жауап беріп, ақша ұтып алуға тырысады.
Айта кетейік, ТЭФИ финалында "Саранхэ" бірқатар ресейлік шоуды артта қалдырды: "Пусть говорят", "Привет, Андрей!" және "Секрет на миллион".
Анатолий Цой 1989 жылы 28 шілдеде Алматыда туған. Ресейлік "Хочу к Меладзе" телешоуының жеңімпазы. Сонымен қатар, Екінші Дүниежүзілік Дельфи ойындарында "Эстрадалық вокал" номинациясы бойынша қола медаль алған, ол National ұжымының қатарында жүріп X Factor шоуының қазақстандық нұсқасына қатысқан.
2007 жылы SuperStarKZ жобасының төртінші маусымына қатысты. Қазіргі таңда ол ресейлік MBAND атақты бойз-бендінің әншісі.