MBAND тобындағы қазақстандық Ресейдің ТЭФИ сыйлығын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

MBAND тобындағы қазақстандық Ресейдің ТЭФИ сыйлығын алды © instagram/anatoliytsoy_official

MBAND тобының әншісі қазақстандық Анатолий Цой телевизиялық өнер саласындағы жоғары жетістігі үшін ресейлік ұлттық телевизиялық ТЭФИ сыйлығын алды. Бұл туралы топ Instagram парақшасында жазды.


ТЭФИ сыйлығын табыстаудың салтанатты шарасы 3 қазанда Мәскеудің мюзикл театрында өтті. Әнші жүргізуші болған "Саранхэ" жобасы" "Прайм-таймның көңілді ток-шоуы" номинациясын жеңіп алды", - делінген хабарламада.

Биыл ақпанда Анатолий Цой CTC Love телеарнасындағы "Саранхэ" жобасының (корейше: "мен сені сүйемін" - Авт.) жүргізушісі болды. Бағдарламаның қатысушылары - ғашық жұптар, олар бір-біріне қатысты сұраққа жауап беріп, ақша ұтып алуға тырысады.

Айта кетейік, ТЭФИ финалында "Саранхэ" бірқатар ресейлік шоуды артта қалдырды: "Пусть говорят", "Привет, Андрей!" және "Секрет на миллион".

Анатолий Цой 1989 жылы 28 шілдеде Алматыда туған. Ресейлік "Хочу к Меладзе" телешоуының жеңімпазы. Сонымен қатар, Екінші Дүниежүзілік Дельфи ойындарында "Эстрадалық вокал" номинациясы бойынша қола медаль алған, ол National ұжымының қатарында жүріп X Factor шоуының қазақстандық нұсқасына қатысқан.

2007 жылы SuperStarKZ жобасының төртінші маусымына қатысты. Қазіргі таңда ол ресейлік MBAND атақты бойз-бендінің әншісі.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +19
Ақтау +28
Ақтөбе +25
Атырау +31
Б
Балқаш +21
Ж
Жезқазған +19
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +23
П
Павлодар +20
Петропавл +28
С
Семей +29
Т
Талдықорған +26
Тараз +31
Түркістан +30
О
Орал +27
Ө
Өскемен +27
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер