Медеу Арынбаев "Қазақстан дауысы" жобасынан кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Медеу Арынбаев "Қазақстан дауысы" жобасынан кетті ©"Қазақстан" телерадиокорпорациясының баспасөз қызметі

"Қазақстан дауысы" жобасында аяқасты өзгерістер болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан" телерадиокорпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан дауысы" жобасында аяқасты өзгерістер болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан" телерадиокорпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі маусым бойы байқауға қатысушыларға тәлімгер болып келген қазақстандық танымал әнші Медеу Арынбаев жобадан кетті. Үшінші маусымда оның орнына отандық эстрада орындаушысы, белгілі тележурналист Дана Нұржігіттің інісі Рүстем Нұржігіт келді. Ол туралы "Қазақстан дауысы" жобасының директоры Кенже Жұманұлы хабарлады.

Айта кетейік, "Қазақстан дауысының" жаңа маусымы "Қазақстан" телеарнасында эфирге 20 қыркүйекте шығады.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында еліміздің төрт қаласында іріктеу кезеңдері өтті. Бас жүлде - 5 миллион теңге. Жобаға 18 бен 50 жас аралығындағы орындаушылар қатыса алады. Еліміздің танымал жұлдыздары алғашқы тыңдау сынағында жүзден астам қатысушылардың ішінен үздіктерін таңдап, төрт команда құрайтын болады. Ақтық мәреге төрт үміткер қатысады, олардың ішінен үздік орындаушы SMS-дауыс беру арқылы анықталады. Финалға дейінгі әр бір кезеңде үміткерлер кәсіби команда тәлімгерінен сабақ алады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети