Мен "Екінші Витас" емеспін! - Димаш Құдайбергенов

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Димаш Құдайбергенов © instagram.com/kudaibergenov.dimash Димаш Құдайбергенов © instagram.com/kudaibergenov.dimash

Қытайдағы I Am a Singer музыкалық конкурсына қатысып жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов өзін Витаспен салыстырмауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қытайдағы I Am a Singer музыкалық конкурсына қатысып жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов өзін Витаспен салыстырмауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазды.

Оның айтуынша, ресейлік әнші Витаспен салыстыратындар көп. "Қайырлы кеш, Достар! Қазақтың Витасы", "Витас сиақты айтады", "Екінші Витас" деген маған теңеу сөздеріңізді естіп жатамын! Әрине, Витас жақсы әнші, оны құрметтеймін, бірақ мен "Екінші Витас" емеспін! Музыкадан xабары бар мамандар мені жақсы түсінеді!..", - деп жазды әнші. 

Сонымен қатар, ол келесі байқау күніне режиссерлердің ұйғарымымен Витастың ең күрделі саналатын "Опера 2" композициясын орындайтынын мәлімдеді. Айтуынша, ол бұл атақты әнді Витастың дауысынан 4 модуляциямен 2 тон жоғары айтуға бел буып отыр. "Қалай болатынын бағалай жатарсыздар! Айтпақшы, келесі байқау күні 28 қаңтар күні Бейжің уақытымен 22:05-те! Hunan tv online арқылы тамашалай аласыздар!", - деді әнші.

Ал осыған дейін әншінің әкесі Қанат Айтбаев ауқымды халықаралық жобаға менің ұлымның қатысуына қолдау көрсеткен, Қытайдың жетекші телевизиялық конкурсының екінші турына қатысуға мүмкіндік берген ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне алғыс айтқан болатын. "Осы шешуші екінші тур келесі іріктеу кезеңіне қатысуға мүмкіндік берді. Ал, Димаштың үшінші кезеңдегі жеңісі - бұл енді үлкен жетістік. Алда 14 кезең бар, бізге табыс тілеп, қолдау көрсетіп жатқан барлық жанашырға алғыс айтамыз" - деп ағынан жарылған еді әкесі.  

Димаш Құдайбергенов телешоудың бірінші кезеңінде SOS d'un terrien en détresse әнін француз тілінде орындап, жеңімпаз атанған болатын. Әнші қатысып жатқан конкурста 14 кезең бар. Конкурс Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатыр. Менеджерінің айтуынша, Димаш Құдайбергенов осы конкурсқа қатысу үшін имиджін өзгертіпті. "Димаштың имиджін өзгерттік. Осындай "лук". Бұл The voice емес, бұл атақты әрі өнер жолында танылып үлгерген әншілердің конкурсы", - деген еді мұның алдында әншінің продюсері Шаримов. Айтуынша, I Am a Singer конкурсының бесінші маусымы қытайдың рейтингі ең жоғары Hunan TV телеарнасында таратылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer