Қазақстандық әнші Меруерт Түсіпбаеваның тұрмысқа шығатыны әзіл болып шықты. Желіде жарияланған суреттегі ер адам оның құрбысының күйеуі екен. Бұл жайлы "Гәкку" телеарнасы хабарлады.
Қазақстандық әнші Меруерт Түсіпбаеваның тұрмысқа шығатыны әзіл болып шықты. Желіде жарияланған суреттегі ер адам оның құрбысының күйеуі екен. Бұл жайлы "Гәкку" телеарнасы хабарлады.
Айта кетейік, осыған дейін Меруерт Түсіпбаеваның атынан ашылған әлеуметтік желіде бір сурет пайда болған еді. Бұдан кейін Интернет қолданушылары бұл сөздің рас-өтірігін анықтамақ болып, түрлі пікірлер жазып үлгерді. "Әншінің жеке өмірін өзінен бұрын, халық көбірек білетін сияқты. Тіпті той қыркүйекте, Меруерттің жаңа жолдасы құқық қорғау органдарының адамы екен, әңгіме тез таралды", - дейді телеарна тілшілері.
Хабарласқан тілшілерге Меруерт Түсіпбаева бұл сөздің жай әзіл екенін айтып, қауесетті жоққа шығарды. "Бұл бір әзіл болды", - деп жауап берді әнші.