Аңызға айналған америкалық Metallica тобы жексенбіде Мәскеудегі "Лужники" стадионында өткен концертінде Виктор Цойдың "Группа крови" әнін орындады.
Аңызға айналған америкалық Metallica тобы жексенбіде Мәскеудегі "Лужники" стадионында өткен концертінде Виктор Цойдың "Группа крови" әнін орындады.
Музыканттар әнді орыс тілінде шырқады. Стадиондағы көрермендер топтың осындай сыйын қошеметпен қабылдап, көбі әнді қосылып айтты. Рокерлердің әлемдік тур аясында өткен концерті YouTube-те жарияланған.
Әлеуметтік желі қолданушылары хэви-металл ардагерлерінің бұл қадамына таңдай қақты:
"Өмірімде көп нәрсе көрдім, бірақ Metallica-ның Цойды шырқауы..."
"Енді бәрін көрдім. Metallica "Группа крови" әнін орындады".
"Әр аккордтан денем тітіркеніп кетті".
Айта кетейік, Metallica тобы 1981 жылы құрылған. Оның негізін Джеймс Хэтфилд пен Ларс Ульрих қалаған. Топтың музыкасы - классикалық трэш-металл, олар осы топтың дамуына айтарлықтай ықпал жасаған.
Metallica бүгінге дейін он студиялық альбом шығарып, бірнеше рет платина статусын алған. Сондай-ақ Grammy секілді түрлі жүлделерге ие болған. Ұжымның альбомдары әлем бойынша 110 миллион данамен сатылған.