05 қаңтар 2017 | 10:53

Мейрамбек пен Сәкеннің сөз таластырғанын көрмеппін, көргім де келмеп еді - блогер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мейіргүл Оңғарова есімді блогер Massaget.kz сайтында жариялаған блогында "Муз Арт LIVE" жобасындағы бірқатар кемшілік жайлы жазған. 


Иконка комментария блок соц сети

Мейіргүл Оңғарова есімді блогер Massaget.kz сайтында жариялаған блогында "Муз Арт LIVE" жобасындағы бірқатар кемшілік жайлы жазған. 

"МузАрт LIVE туралы өз ойым... Сіз не дейсіз? Қазақ өнерінің шыңы болған Музарт тобы шоу жасайтынын естігелі бері өз басым көрермен ретінде тағат таппадым. Бір жағынан қобалжып, тілекші болдым, екінші жағынан қазақ арнасында өз өніміміз болатынын түсініп қуандым. Көптен күткен күн де жетіп, ұлттық арнадан "МузАрт LIVE" жобасы басталды... Иә, шоу басталды. Декорация, сахнаның безендірілуі, ұлттық арна ұстанымы бойынша тек ана тіліміздің қолданылуы, осының бәрі керемет! Кереметтігі соншалық, көзге жас үйіреді", - деп жазады автор.

Алайда, автордың айтуынша, сөз төрешілер жайлы болғанда шоудың ресейлік "Хочу к Меладзе" шоуына қатты ұқсайды екен. "Аталған шоудың көршілес елдің "Хочу к Меладзе" шоуына қатты ұқсайтыны аңғарылды... "Жақсыдан үйренген" дұрыс-ақ, бірақ ел төбесіне көтеріп, алақанына салған МузАрт ағаларын ешкімге ұқсатқым келмеп еді өз басым. Олар дара еді. Тек төрешілер ғана емес, шоудың форматын да Меладзенің шоуынан көріп тастағанбыз. Жаңа топтың жігіттерден құралуы және төрт жігіттің таңдалуы әлгі шоудың бағдарламасына ұқсап-ақ тұр. Меладзенің шоуынан кейін Баян Есентаеваның да осыған ұқсас бағдарлама жасағанын білеміз... Хош...", - дейді блогер.

Айтуынша, "Тура биде туған жоқ" деп, турасын айтады деп күткен Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбіловтердің кейбір пікірлері орынды болғанымен, қисынсыз сөздері де кездескен. Мысалы, автордың пікірінше, қатысушыға "керемет, тамаша" деп баға беріп алып, екінші кезеңге өткізбей тастау "үрдісі" байқалған.

"Қазақ сахнасының төрінде жүрсе де, біреуге баға беруде айтарға сөз таппай аңтарылып, кәсіби тұрғыдан сын айта алмаған кездері "әттеген-ай" деп бармағымызды тістедік. Қазақшылыққа салынған болар", - деген блог авторы Сәкен Майғазиевтің кәсіби біліктілігін атап отыр. 

"Кәсіби біліктілігімен қоса, биік мәдениеті экранның ар жағында отырған көрерменге жылы әсер сыйлағаны анық. Ал Мейрамбек Бесбаев туралы айтар болсам, тұтас шоу осы кісіге арналған ба деп қалдым. Соңғы сөзді Мейрамбек ағамыз айтатындай әсер қалдырды. Қатысушылар да ағамыздың айбарынан біраз ығысқан тәрізді. Кенжебек Жанәбіловке келсек, бағдарлама бойы бұл кісіге ренжумен болдым, өйткені төреші құзіреті берілсе де, жасым кіші деді ме, әйтеуір қасындағы кеңесшілеріне жалтаңдап, кесімді сөз айта алмады", - дейді блог авторы.

Сонымен қатар, блогер Мейрамбек Бесбаев пен Сәкен Майғазиевтің өзара сөзге келіп қалғаны бір-бірінің сөзін тыңдамауы көрермен ретінде көңіліне қаяу түсіргенін айтады. "Шыны керек осы кезге дейін Мейрамбек пен Сәкеннің бір-бірімен сөз таластырғанын көрмеппін, көргім де келмеп еді...", - деп өкпесін жеткізеді автор.

Оңғарова қатысушылар жайлы да сөз мәселе көтеріп отыр. Айтуынша, бұл жобаға былтырғы "Қазақстан дауысының" қатысушылары көптеп қатысқан. "Олар былтыр-ақ өздерін "Қазақстан дауысында" дәлелдеп, халықтан бағасын, дауысын алып кетпеп пе еді? Меніңше, бұл тегін эфир уақытын өз пайдасына жарату, былайша айтқанда, халықты алдау деуге де болатындай... Олардан да басқа ел ішінде дарын көп, танылмаған таланттарға мүмкіндік беру керек еді. "Біткен іске сыншы көп", әлбетте. Айтуға оңай... Ұлттық жобаның артында үлкен ұжымның қажырлы еңбегі жатқанын мойындауымыз керек...", - дейді ол сөзінің соңында.

Айта кетейік, "МузАРТ LIVE" жобасы 2016 жылдан бастап шыға бастады. Жобада қазақ халқының сый-құрметіне бөленіп, миллиондардың жүректерін жаулаған "Музарт" тобы өз ізбасарларын ел арасынан іздейді. "МузАРТ LIVE" музыкалық тележобасына 16 жастан 25 жасқа дейінгі аралықтағы талантты ер жігіттер қатысады. Үміткерлерге басты талап - мемлекеттік тілде ән айта білу керек.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети