Mezzo тобы Il Divo квартетінің солистерін таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Mezzo тобы Il Divo квартетінің солистерін таңғалдырды Mezzo мен Il Divo топтарының әншілері

Қазақстандық Mezzo тобы Астанада Il Divo квартетінің солистерін таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі топтың продюсері Әбдел Мұхтаровқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Mezzo тобы Астанада Il Divo квартетінің солистерін таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі топтың продюсері Әбдел Мұхтаровқа сілтеме жасап.

Жақында Астанада әлемдік опера жұлдызына айналған, Гиннестің рекордтар кітабына енген Il Divo квартеті өнер көрсетті. Жеке концерттен кейін топ мүшелері қазақстандық Mezzo тобымен кездесті. Қазақстандық әншілер өздері туралы айтып, Il Divo тобының Regres a mi әнін орындап берді.

Ұлыбританиядан келген қонақтар қазақстандық әншілердің талантына таңғалып, оларды видеоға түсіріп, қошемет көрсетті. "Неоклассикалық бағытта ән шырқап жүрген, жаңадан құрылған қазақстандық топ үшін бұл кездесу үлкен мағынаға ие. Il Divo Mezzo тобының жас әншілері талпынып жүрген биік деңгейдегі топ", - деді музыкалық топтың продюсері.

Mezzo тобы әріптестерінің Астанаға келу құрметіне оларға өздерінің күйтабақтарын сыйға тартты. Қазақстандық әншілер ұлыбританиялықтардың Лондонда, Мәскеуде қойған концерттеріне барғандарын айтты. Il Divo тобының солистері болса қазақстандық жас әншілерге үлкен үмітпен қарайтындарын айтып, олардың жақында әлем тыңдармандарының жүрегін жаулайтынына сенім білдірді.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети