Máńgilik El Daýysy алғашқы ұлттық музыка шоуының трансляциясы онлайн көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Máńgilik El Daýysy алғашқы ұлттық музыка шоуының трансляциясы онлайн көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жастар жылы аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық концерт залында 9 қараша күні сағат 19.00-де Máńgilik El Daýysy концерті басталады. Бұған дейін баламасы болмаған бірегей шоуда Қазақстанның эстрада жұлдыздары хит әндерін жанды дауыста орындайды. Massaget.kz, Tengrinews.kz, сондай-ақ TENGRI TV концертті тікелей эфирде көрсетеді.
Концертте Ерке Есмахан, Айқын, Нұржан Керменбаев, Raim & Artur, Ерболат Құдайберген және ORDA тобы өнер көрсетеді.
Жоба көрермендерді ерекше қойылымдар, әдемі безендірумен қуантып, тыңдармандардың артистермен бірге ән айтуына мүмкіндік жасайды. Көрермендерге ыңғайлы болуы үшін әндердің мәтіні LED-экрандарда көрсетіліп отырады. Осылайша көрермен мен артист арасында ерекше байланыс орнап, шоуда ерекше атмосфераға болмақ.
Шоу режиссері Марина Ожерелова көрермендер сүйікті әншісінің әндерін орындап қана қоймай, сонымен қатар, халық әндерін де шырқай алатынын атап өтті.
"Máńgilik El Daýysy - әртүрлі жастағы тыңдармандардың басын қосатын шоу. Ол тек жастарға ғана емес, сонымен қатар жасы үлкен адамдарға да қызықты болады. Себебі концертте қазақтың халық әндері де шырқалатын болады", - дейді режиссер.
Жоба ұйымдастырушысы - Pantograph продюсерлік орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, ақпараттық қолдау - Alash Media Group холдингі, "Жұлдыз FM, Tengri FM радиостанциялары.
Шараға билеттерді ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.