Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев әнші Жанар Хамитованың өлімі туралы іске қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев әнші Жанар Хамитованың өлімі туралы іске қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жанар Хамитованың ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Барлығыңыз білесіздер, онда өз-өзіне қол жұмсау дерегі болды. Кейбір жағдайларға байланысты, Қарағанды облысында қылмыстық іс қозғалды, соның аясында барлығы тексеріледі", - деді министр үкімет кулуарында.
16 қыркүйекте SuperStar.kz байқауының бұрынғы қатысушысы Жанар Хамитованың қайтыс болғаны хабарланған. Полиция "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" дерегі бойынша із қозғады.
Жанар Хамитова SuperStar.kz байқауы арқылы танымал болды. Кейінірек ол Нұржан Керменбаевпен бірге "Арнау" тобын құрды.