Моңғолдардың этно-рок тобы The Spirit of Tengri фестивалін жандандыра түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Моңғолдардың этно-рок тобы The Spirit of Tengri фестивалін жандандыра түсті © Николай Колесников

Халықаралық The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалінің алғашқы күнін тувалық танымал Радик Тюлюш пен "Чалама" тобы, сонымен қатар моңғол әуендерін заманауи орындаған қытайлық Hangga рок-тобы аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фестиваль Республика Сарайы алдындағы алаңда өтіп жатыр. Концертті тамашалау тегін. Фестивальді ұйымдастырушы - Tengri FM радиостанциясы, бас серіктес - Kaspi bank.

Тыңдармандар асыға күткен Радик Тюлюш көмеймен айтудан шебер атанған, ол Қазақстанға 2014 жылы да келген болатын. Ол биылғы фестивальде "Чалама" тобымен өнер көрсетті. Орындаушылар тувалық ішекті аспап игиле, бызаанчи және дошпулууреде ойнады. Айта кету керек, Тюлюш бірнеше елде шығарылған тувалық әндерді орындады.

"Бұл ел де, адамдары да маған өте жақын. The Spirit of Tengri фестивалі түрлі ұжымдарды кездестіріп, түрлі адамдармен танысуға болатын орын. Халық энергия береді. Мұндай фестиваль болашақта дамуға шабыт береді. Жыл өткен сайын бәрі жақсы жағына қарай өзгеріп келеді. Ең бастысы, үлкен дүние жасауға деген ынтаң мен арманыңды жоғалтпау. Соңы коммерциялық мақсатқа айналатын жобалар бар, Spirit of Tengri бұлардың қатарына қосылмайды деп сенемін", - деді музыкант.

Тюлюштің лирикалық әуендері Hanggai тобының орындауындағы моңғол рогына жалғасты. Олар гитара және моринхуура аспаптарымен халық балладаларын орындады. "Біз мұнда алғаш келіп тұрмыз. Әрқашан жаңа адамдармен танысқымыз келеді. Бұл фестивальдің болашағы зор, келешекте бұл шара үлкеюі мүмкін", - деді Hanggai тобының мүшелері.

The Spirit of Tengri ұйымдастырушылары бұл топпен келісімге келу үшін екі жыл жұмыс істеген. Hanggai - моңғол сөзі, ол биік таулар, өзендер мен шексіз дала ұғымдарымен байланысты. Ұжым 2004 жылы құрылған. Музыканттар моңғол мәдениетін насихаттайды. Дәстүрлі әуендерді олар рокпен, еуропалық әуендермен үндестіріп орындайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети