"Муз-ТВ" жүлдесін табыстау рәсімінде Батырхан Шүкеновке номер арналады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Муз-ТВ" жүлдесін табыстау рәсімінде Батырхан Шүкеновке номер арналады Батырхан Шүкенов. © Айжан Түгелбаева

"Муз-ТВ" жүлдесін табыстау рәсімінде Батырхан Шүкеновке номер арналады, - деп хабарлайды "24.kz". Бұл туралы "Муз-ТВ" арнасының бас директоры Арман Дәулетияров мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Муз-ТВ" жүлдесін табыстау рәсімінде Батырхан Шүкеновке номер арналады, - деп хабарлайды "24.kz". Бұл туралы "Муз-ТВ" арнасының бас директоры Арман Дәулетияров мәлімдеді.

Порталдың мәліметінше, жүлдені табыстау рәсімі тосын сыйға толы болады. Мысалы, бұл рәсімде тұңғыш рет қорытынды ән екі тілде айтылады. 5 маусым күні "Астана Арена" стадионында өтетін салтанатты шара 4 сағатқа созылады. Оған мыңнан аса қонақ келеді деп күтіліп отыр.

"Билеттер түгелдей сатылып кетті. Қазір кассаларда тек би алаңына ғана билеттер қалды. Біз бағаны халыққа қолжетімді етіп қойдық. Дайындап жатқан тосын сыйларымыз бар. Сонымен қатар, Батырхан Шүкеновке арналған нөмір болады", - дейді Арман Дәулетияров.

Айта кетейік, сонымен-қатар, Қазақстан мен Ресей эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен 4 маусым күні Open Air гала-концерті өтеді. Онда екі елдің 60-тан аса әншісі өнер көрсетеді. Бұдан бөлек, екі жақтың өнерпаздары түрлі қайырымдылық шараларына қатысуды жоспарлап отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети