19 қыркүйек 2014 09:15

"На вершине Тенгри" жобасында "Дударай" мен "Бір баланы" музыканттар электронды дыбысталуда орындайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©tengrinews.kz ©tengrinews.kz

Tengri FM радио станциясындағы "На вершине Тенгри" жобасының VI маусымының үшінші концертінде iFLY тобы халық әндерін электрондық дыбысталуда орындайды, деп хабарлайды, Tengrinews.kz.


Tengri FM радио станциясындағы "На вершине Тенгри" жобасының VI маусымының үшінші концертінде iFLY тобы халық әндерін электрондық дыбысталуда орындайды, деп хабарлайды, Tengrinews.kz.

"Біз ерекше бағдарлама даярлардық, онда "Дударай", "Бір бала" секілді халық әндері, "Айттым сәлем Қаламқас" әнінен үзінді электрондық дыбысталуда шырқалады. Біз бұл әндердегі көңіл-күйді сақтай отырып, әндерді заманға сай өңдеп, сәнді әрі билеуге лйықталған нұсқасын жасадық. Сондай-ақ өзіміздің NuDisco, TripHop, фанк стиліндегі компазицияларымыздың да жаңаша дыбысталуымен тыңдарманды қуантпақпыз. Бұлардың бәрінде рок-н-ролл элементтері болады, дейді  iFLY тобының әншісі Ксения Сухомазова. 

iFLY тобынан басқа концертте Өскеменнен Hard тобы Box өнер көрсетеді. Топ музыканты Антон Воробьев қазақстандық шығармашылық топтарға қолдау білдіргендері үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтты. "Сіздердің жасап жатқан дүниелеріңіз тыңдармандар үшін де, қытысушылар үшін де өте қажет. Өзіміз концерттен өте жағымды әсерлер күтеміз және барлық алматылықтарға қуаныш сыйлағымыз келеді. Әрине Hard Box тобы әдеттегідей тамаша әндер әзірлеп келді, біздің өнеріміз көпшіліктің көңілінен шығады деп ойлаймыз" дейді ол. 

"Мой любимый sputnik" тобының музыканты  Евгений Гридневтің ойынша қонцертке электрондық музыканы гитарамен және табиғи дауыспен орындайтын үш бірдей қазақстандық топ қатысатындықтан алматылықтар үшін бұл кеш өте қызықты болмақ. "Біз романтикалық синти-поп, көңілді пост-панк, бірнеше кавер-нұсқалар әзірлеп келдік. Рок-н-роллға түрлі тәжірибе жасайтын алаң ұсынғаны үшін Tengri FM-ге көп рахмет,  Өтетін орны – Event City Hall, өте тамаша концерт болады, дейді Гриднев. 

Естеріңізге сала кетейік, Tengri FM радиостанциясының "На вершине Тенгри" жобасының жаңа маусымы қыркүйекте басталған болатын.  Ұйымдастырушылар бұл жолы осы уақытқа дейін өздерімен бірге жұмыс істеп келе жатқан топтардың қандай жетістікке жеткенін көруді ұйғарыпты. Алтыншы маусымның концерттерінде қатысушылар бір-бірімен LIVE  форматында етене жақын танысып, араласа алады. Алматыға еліміздің түкпір-түкпірінен рок-топтар жиналады. Концерттер бірнеше сессияда өтеді.  Концерттерді қазылар алқасы мұқият тыңдап, әр айдың соңында болатын ақтық байқауға топтарды іріктеп алады. Ақтық сынға шыққандар жобаның хэдлайнерлерімен бір сахнада кездеседі. 

Әр айдың жеңімпаздары "На вершине Тенгри" жобасының ақтық сынына жолдама алады. Осы жылдың желтоқсан айында үлкен қорытынды концерт болады. Концертте нағыз жеңімпаз анықталады, ол 2015 жылы Ресейде өтетін рок-музыканттардың байқауына "На вершине Тенгри" атынан қатысады. Сондай-ақ жобаның ұйымдастырушылары мен серіктестері басқа да үздік қатысушыларға сый-сияпат әзірлеп отыр. Музыкалық коллективтердің бірі кәсіби студияда тегін ән жазуға мүмкіндік алады.

Әр апта сайын музыканттар өздерінің шығармашылығын Қазыбек би көшесі, 20 (Қалдаяқов қиылысы) мекенжайында Event City Hall-да көрсететін болады. Басталуы – 20.00-де. Билет бағасы 1000 теңге. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети