13 қараша 2014 16:53

"На вершине Тенгри" жобасының жартылай финалына бірден екі топ өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Bissa тобы Bissa тобы

"На вершине Тенгри" қазақстандық ірі рок-жобасында қараша сессиясының жартылай финалының соңғы жеңімпаздары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Музыкалық жарыста екі бірдей топтың бірінші орын алғаны күтпеген оқиға болды. Олар енді өздеріне дейін жеңімпаз атанған The Moloty және Kod A топтарына қосылады.


"На вершине Тенгри" қазақстандық ірі рок-жобасында қараша сессиясының жартылай финалының соңғы жеңімпаздары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Музыкалық жарыста екі бірдей топтың бірінші орын алғаны күтпеген оқиға болды. Олар енді өздеріне дейін жеңімпаз атанған The Moloty және Kod A топтарына қосылады.

Қарашадағы сессияның жартылай финалына үшінші болып шығуға төрт топ таласты - Blues Motel, For Tea, "Город Контрастов" сияқты алматылық ұжымдар мен Екібастұз қаласынан келген Bissa тобы. Айта кетейік, Bissa тобы "На вершине Тенгри" жобасының іріктеу сессиясына қатысып жатқан қатысушылардың ішінде ең тәжірибелісі. Олар Алматыға толық емес құраммен келді, бірақ музыканттар жоғары деңгейді өнер көрсете алды. "Бәрі керемет болды, біз саяхаттауды жақсы көреміз. Оның үстіне Tengri FM баяғыда-ақ жасалуы тиіс дүниені жасап жатыр - Қазақстандағы рок-музыканы көтеру, олар бірінші, сол үшін біз оларды жақсы көреміз және қолдаймыз, сондықтан қай кезде болмасын келеміз", - деді топтың көшбасшысы Нұрлан Ахметбаев.

Кезеңнің қорытындысы бойынша, "На вершине Тенгри" жобасының жартылай финалына Bissa және Blues Motel топтары шықты. 14 қарашада қазылар алқасы қараша сессиясының үздік тобы кім болатынын айтады. Қазақстандық ұжымдардың музыканттары "Конец фильма" тобының көшбасшысы Евгений Феклистовпен бір сахнада өнер көрсетеді.

 

Еске сала кетейік, "На вершине Тенгри" жобасының VI маусымы үш сессиямен өтіп жатыр: қыркүйек, қазан және қараша сессиялары. Қыркүйек айының қорытындысы бойынша Hadn't tea тобы жеңімпаз болды. Қазанда финалға LampЫ Orchestra шықты. Ал VI маусымында үздік шығып, жалпы финалда жеңімпаз атанған топ 2015 жылы жазда ресейлік ірі рок-фестивальге қатысып, Қазақстанның атынан өнер көрсетуге жолдама алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети