"На вершине Тенгри" жобасының VI маусымы LIVE форматында өтеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"Тенгри шыңында" "Тенгри шыңында"

Tengri FM радиостанциясының "На вершине Тенгри" жобасы өзінің VI маусымын бастайды. Осы жылы ұйымдастырушылар алдыңғы маусымдарды біршама қорытындылап, жоба қатысушыларының бір-бірімен LIVE форматында кездесуіне мүмкіндік туғызып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Tengri FM радиостанциясының музыкалық редакторы  Константин Головин әңгімелеп берді. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengri FM радиостанциясының "На вершине Тенгри" жобасы өзінің VI маусымын бастайды. Осы жылы ұйымдастырушылар алдыңғы маусымдарды біршама қорытындылап, жоба қатысушыларының бір-бірімен LIVE форматында кездесуіне мүмкіндік туғызып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Tengri FM радиостанциясының музыкалық редакторы  Константин Головин әңгімелеп берді. 

"Біз өткен бес маусымда өте үлкен бір реттік концерттер беріп келдік. Қазір біз "На вершине Тенгри" рок-акциясының VI маусымы басталғанына өте қуаныштымыз. Біз өзімізбен осы уақытқа дейін бірге жұмыс істеп келе жатқан топтардың қандай жетістікке жеткенін көруді ұйғардық. Аталған жоба басталғалы біздің құрамға 300-ден аса топ қосылды, олар 3000-нан астам композициялар орындады. Алтыншы маусымның концерттерінде қатысушылар бір-бірімен етене жақын танысып, араласа алады, – деді Головин. 

Күз бойы Алматыға еліміздің түкпір-түкпірінен рок-топтар жиналады. Концерттер бірнеше сессияда өтеді. Әр апта сайын музыканттар өздерінің шығармашылығын Қазыбек би көшесі, 20 (Қалдаяқов қиылысы) мекенжайында орналасқан Event City Hall-да көрсететін болады. Концерттерді қазылар алқасы мұқият тыңдап, әр айдың соңында болатын ақтық байқауға топтарды іріктеп алады. Ақтық сынға шыққандар жобаның хэдлайнерлерімен бір сахнада кездеседі. Сонымен, "На вершине Тенгри" жобасының алғашқы концерті 6 қыркүйек күні сағат 19:00-де болады. Кештің шымылдығын  Hadn’t tea, Nourba Group, "Па Кампасам" топтары ашады. Ал 28 қыркүйек күні айдың қорытынды концертіне "Агата Кристи" тобының бұрынғы әншісі Глеб Самойлов келеді деп күтілуде.

"Жас топтарға рок-музыканың аты аңызға айналған музыканттарымен танысып, талай дүние үйрену керек. Бұл - бірінші кезекте тәжірибе алмасу, жұлдыздармен бір сахнаға шығып, бірге ән салу, тәжірибелі музыканттардың сахнада өзін-өзі қалай ұстайтынын көру. Осындай жоба өз жемісін береді деп ойлаймыз", – дейді Головин. 

Әр айдың жеңімпаздары "На вершине Тенгри" жобасының ақтық сынына жолдама алады. Осы жылдың желтоқсан айында үлкен қорытынды концерт болады. Концертте нағыз жеңімпаз анықталады, ол 2015 жылы Ресейде өтетін рок-музыканттардың байқауына "На вершине Тенгри" атынан қатысады. Сондай-ақ жобаның ұйымдастырушылары мен серіктестері басқа да үздік қатысушыларға сый-сияпат әзірлеп отыр. Музыкалық коллективтердің бірі кәсіби студияда тегін ән жазуға мүмкіндік алады.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro