"На вершине Тенгри" концертінде Blues Motel тобы қонақтарға әнжинақтарын сыйға тартады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Blues Motel тобы Blues Motel тобы

12 қарашада болатын "На вершине Тенгри" концертінде Blues Motel тобы қонақтарға әнжинағын сыйға тартады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz музыкалық ұжымның мүшесі Кирилл Говорухинге сілтеме жасап. Концерт Қазыбек би 20, Қалдаяқов көшесінің қиылысындағы Event City Hall клубында (бұрынғы Cinemabar) сағат 20.00-де басталады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

12 қарашада болатын "На вершине Тенгри" концертінде Blues Motel тобы қонақтарға әнжинағын сыйға тартады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz музыкалық ұжымның мүшесі Кирилл Говорухинге сілтеме жасап. Концерт Қазыбек би 20, Қалдаяқов көшесінің қиылысындағы Event City Hall клубында (бұрынғы Cinemabar) сағат 20.00-де басталады.

Музыканттар концерт қонақтарына қуаныш сыйлап, "Другой" (2006 жыл) және "Абсент" (2011 жыл) әнжинақтарын тегін таратқалы отыр. Қазіргі уақытта топ "За горизонтом" деп аталатын әнжинағын жасап жатыр. Ол Ұлыбританияда жазылу үстінде. Әнжинақ 2015 жылы таныстырылады, бірақ "На вершине Тенгри" концертіне келген қонақтар жаңа репертуардың әндерін тыңдай алады. Музыканттар екі жаңа ән айтады: "Звездопад" және "Меланхолия".

Еске сала кетейік, "На вершине Тенгри" жобасы VI маусымының қараша сессиясында тағы екі концерт өтеді. 12 қарашада қарашаның жартылай финалына үшінші болып шығуға төрт топ таласады. Көрермендер Blues Motel, For Tea, "Город Контрастов" сияқты алматылық ұжымдар мен Екібастұз қаласынан келген Bissa тобының өнерін тамашалай алады. 14 қараша күні конкурстың жартылай финалына шығатын ұжым анықталатын тағы бір концерт өтеді.

Айта кетейік, алдағы 12 қараша күні өтетін концерттің жеңімпазы бірінші екі қараша сессиясының жеңімпазы болған The Moloty және Kod A ұжымдарына қосылып, үштікті толықтырады. Ал одан кейін осы үш жеңімпаз ұжым 14 қараша күні "Конец фильма" тобының көшбасшысы Евгений Феклистовпен бірге өнер көрсетеді. Сахнаға Headn’t tea, iFLY, LampЫ Orchestra, Paradox, "Эклектика" және Angry Ants топтары да шығады.

Еске сала кетейік, "На вершине Тенгри" жобасының VI маусымы үш сессиямен өтіп жатыр: қыркүйек, қазан және қараша сессиялары. Қазылар алқасы олардың әрқайсынан 5 желтоқсанға жоспарланған финалдық концертке өтетін бір топтан таңдайды. Қыркүйек айының қорытындысы бойынша Hadn't tea тобы жеңімпаз болды. Қазанда финалға LampЫ Orchestra шықты. Енді көпшілік қазылар алқасының қараша сессиясының жеңімпазы деп кімді табатынын күтіп жатыр. Айта кетейік, әр сессия жеңімпаздары жүлде ретінде жоба әріптесі - APM music Land музыкалық аспаптар дүкені ұсынған 100 мың теңгеге ие болады. Ал VI маусымында үздік шығып, жалпы финалда жеңімпаз атанған топ 2015 жылы жазда ресейлік ірі рок-фестивальға қатысып, Қазақстанның атынан өнер көрсетуге жолдама алады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 498.4  course up  519.76  course up  5.47  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer