Қазақстандық ORDA тобының тыңдармандары топтың Máńgilik El Daýysy ұлттық жобасында өнер көрсетуін қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық ORDA тобының тыңдармандары топтың Máńgilik El Daýysy ұлттық жобасында өнер көрсетуін қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Музыканттар Instagram-дағы ресми парақшасында тыңдармандарының қолдауына алғыс айтып, 9 қараша күні Нұр-Сұлтанда өтетін концертке қатысатындарын жеткізді.
"Құрметті жазылушылар! Соңғы жайттарға байланысты біз қазандағы барлық концерттен бас тартқан едік, қолдау көрсетіп, түсінікпен қарағандарыңызға алғыс айтамыз. Дегенмен біз командамен бірге Астанада 9 қараша күні Qazaqstan Орталық концерт залында өтетін Máńgilik El Daýysy концертіне қатысамыз деп шештік. Біз ұйымдастырушылармен бірге шоу қойылымы мен техникалық орындалуына біраз еңбек сіңірдік. Сондықтан Астанада көрісейік!", - деп жазды ORDA тобының өкілдері.
Бұл жазба топ фанаттарының үлкен қолдауына ие болды. Біраз жазылушы музыканттардың бұл шешімі олардың шын мәнінде өз ісіне, тыңдармандарына адал артист екенін көрсетеді деп пікір қалдырды.
Еске салайық, тұңғыш қазақстандық Máńgilik El Daýysy музыка шоуы 9 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Сахнада Ерке Есмахан, Айқын, Нұржан Керменбаев, Raim & Artur, Мадина Сәдуақасова, Ерболат Құдайберген және ORDA тобы өнер көрсетеді. Жоба ұйымдастырушысы - Pantograph продюсерлік орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, ақпараттық қолдау - Alash Media Group холдингі.
Máńgilik El Daýysy. Raim & Artur және Ерке Есмаханмен ән шырқа