Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

"Наив" тобы "На вершине Тенгри" финалистеріне қолдау көрсетеді

04 Желтоқсан 2014, 18:42
0
"Наив" рок-тобы. ©naive.ru
"Наив" рок-тобы. ©naive.ru

"На вершине Тенгри" жобасының финалдық концерті Алматыда 5 желтоқсанда өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазыбек би, 20-үй, Қалдаяқов көшесінің қиылысында орналасқан Event City Hall сахнасында осы кезге дейін іріктелген үш үздік команда Hadn’t tea, LampЫ Orchestra мен Blues Motel өзара бақ сынайды.

Өнер ұжымдары елдің ірі рок-жобасының VI маусымындағы үздік топ атағы үшін таласады. Кештің басты қонағы - "Наив" танымал рок-тобы. Жоба жеңімпазы 2015 жылы Санкт-Петербургте өтетін StereoLeto дәстүрлі фестиваліне "На вершине Тенгри" атынан қатысуға жолдама алады. StereoLeto - шетелдік ірі жобалармен бәсекелесе алатын беделді фестиваль.

Топтар қазылар алқасына жаңа бағдарламаларын ұсынуға әзірленіп жатыр, қазылар құрамында Tengri FM радиостанциясы, Event City Hall клубы, APM music Land музыкалық аспаптар дүкенінің өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар бар.

Концерт live-форматта жанды дыбыспен өтеді. Қазылар музыканттардың орындаушылық өнерін, аранжировканы, сахналық және шеберлікті, музыканттар шығармаларының поэзиясы мен тұжырымдылығын бағалайтын болады. "На вершине Тенгри" - Қазақстандағы бірегей жоба, оны бәрі біледі. Қазақстандағы рок-сахнаны дәл осындай ашық, шынайы, ауқымды түрде қолдағандар біздің есімізде жоқ", - деді Blues Motel тобының солисі Кирилл Говорухин.

 

Еске сала кетейік, "На вершине Тенгри" жобасының VI маусымы үш сессия бойынша өтті: қыркүйек, қазан, қараша. Апта сайын қазылар топтардың өнерін бағалап, жартылай финалға іріктеу жүргізді. Әр сессияның қорытындысы бойынша музыканттар хедлайнерлермен бір сахнада өнер көрсетті: бірінші сессияны Глеб Самойлов пен The Matrixx тобының, екінші сессияны "Крематорий" тобының, үшіншісін "Конец фильма" тобының концерті қорытындылады. 

Сол сияқты ай сайын үш жартылай финалистің бірі алдағы финалға жолдама алып тұрды. Қыркүйекте Hadn't tea жеңімпаз атанды, қазан айында финалға LampЫ Orchestra өтті, соңғы жеңімпаз Blues Motel болды. Енді қазылар алқасы осы үш топтың арасынан бір жеңімпазды анықтайды. "На вершине Тенгри" жобасының VI маусымының финалдық концерті Алматыда 5 желтоқсанда Event City Hall сахнасында (бұрынғы Cinemabar) өтеді, басталуы - 20.00-де. Билеттерді клубтың кассасынан сатып алуға болады.

"На вершине Tенгри" - Қазақстандағы ең ірі рок-жобалардың бірі. Оны Tengri FM радиостанциясы 2010 жылы қолға алды, жоба елдің шығармашыл жастарын қолдауға бағытталған. Музыканттар үлкен сахнада өнер көрсетуге ғана емес, сонымен бірге, ұлттық радио эфиріндегі тегін ротация құқығына да ие болады. Жоба Қазақстанның әр аймағындағы 300 рок-топты біріктірді, олар жобаға 2500-ден астам композициясын ұсынды.  


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай