Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

"Намгар" тобы The Spirit of Tengri фестивалінде жаңа әндерін орындайды

02 Маусым 2014, 16:12
0
Топтың солисі - Намгар Лхарасанова. ©Minkultrb.ru
Топтың солисі - Намгар Лхарасанова. ©Minkultrb.ru

Бурятиялық "Намгар" тобы The Spirit of Tengri фестивалінде жаңа альбомындағы композицияларды орындайды. Бұл жинақ атақты норвегиялық саам әншісі Мари Бойне Персеннің музыканттарымен бірге жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Намгар" тобының жаңа альбомы қазір ғана жарыққа шығып отыр. Ол осы ұжым шығармашылығының тарихындағы жаңа кезең болып саналады. Альбом жанды орындаулардан тұрады, ұжым соған ерекше көңіл бөлген деп ойлаймын", - дейді Tengri FM радиосындағы "Этно-звук" жобасының авторы Денис Максимов.

"Намгар" тобы 2001 жылы құрылған. Ұжым Бурятия мен Моңғолия халықтарының дәстүрлі музыкасын орындап, моңғол фольклорына өзінше интерпретация жасайды. Дуэт вокалист Намгар Лхарасанова мен оның жұбайы Евгений Золотаревтен тұрады.

Топ солисі көшпелілердің көне әндерін, даланың long song әндерін, халықтық көңілді композицияларды, аңыз әндерді орындайды. Тибет тілінен аударғанда "Намгар" сөзі "Ақ бұлт" дегенді білдіреді. 

The Spirit of Tengri фестивалі Алматыдағы Республика сарайы алаңында 7 маусым күні өтеді. Басталуы - 17.00. Шараға Бурятия, Саха, Австрия, Жапония, Эквадор, Германия, Түркия елдерінен музыканттар келеді. The Spirit of Tengri-дің былтырғы алғашқы фестиваліне қатысқан музыканттардың нөмірі CD және DVD жинақтары түрінде жарыққа шыққан болатын. "Меломан" компаниясының бас директоры Вадим Голенконың айтуынша, дискілер жыл бойы тұрақты түрде сатылған. Тираждың бүгінде дейін 70%-ы тұтынушыларын тапты. Ұйымдастырушылар биылғы фестивальдің де бейненұсқасын әзірлеп, саудаға шығаруды жоспарлап отыр.

Заманауи этникалық музыканың биылғы фестивалі "Алматы - ТМД-ның мәдени астанасы" шарасы аясында өтпек. Фестивальдің басты серіктесі - Kaspi Bank. Банктің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзенің пікірінше, осы заманғы ырғақтарға бейімделген көне әуендер фестивалі отбасыларға ортақ мәдени шараға айналмақ. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай