Назарбаев "Травиата" операсына барды

28 Сәуір 2016, 08:46
0
Назарбаев "Травиата" операсына барды - © Akorda.kz
© Akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Операда" көрсетілген "Травиата" операсына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Операның басты орындаушылары - театрдың жетекші солистері - халықаралық конкурстардың лауреаты Мария Мудряк пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Бекмұхамбетов.

Қоюшы-режиссер Хеннинг Брокхауз Джузеппе Вердидің әйгілі операсын бірқатар қызғылықты сахналық шешімдер арқылы ұсынды. Сондай-ақ қойылымға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов басқаратын "Астана Опера" симфониялық оркестрі мен бас хормейстер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов басшылық ететін театр хоры қатысты.


© Akorda.kz


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай