Нигериялық рэпер Алматы туралы қазақша ән жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нигериялық рэпер Алматы туралы қазақша ән жазды ©youtube.com

Нигериялық рэпер Rich D Алматы туралы қазақша ән жазып, оған бейнебаян түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нигериялық рэпер Rich D Алматы туралы қазақша ән жазып, оған бейнебаян түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Rich D өз композициясында оңтүстік астанамыздың әсемдігін жырлайды, бейнебаяннан рэпердің Алматы көшелерінде серуендеп, қала көрнекіліктерін фотоға түсіріп жүргенін және домбыра тартқанын көруге болады. Музыкантты бұл әнді жазуға Алматы қаласының тамаша келбеті, тұрғындарының тату сезімі мен табиғатының әсемдігі шабыттандырған. 

Айта кетейік, рэпер музыкамен айналысуды Нигерияда жүргенде бастаған, ол шіркеу хорында ән айтыпты. Жігіт Қазақстанға жоғары білім алу үшін келген. Ол Алматыда оқумен бірге түнгі клубтарда диджей әрі шоумен болып жұмыс істеп, шоу-бизнеспен айналысқан.

Содан кейін АҚШ-қа бірнеше жылға кетіп, музыка мектебін тәмамдаған. 2014 жылы Алматыға қайтып келген ол Қазақстандағы музыкалық қызметін жалғастыруды ұйғарыпты. Алматы туралы әннен бөлек ол қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде 10 шақты авторлық композиция жазған. Музыкант танымал әндердің кавер-нұсқаларын да жасайды. Rich D ағылшын және орыс тілдерінде еркін сөйлейді, енді қазақ тілін меңгеріп жүр. Жоспары - қазақ тілінде жаңа әндер жазып шығару.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети