Қазақстанның атынан "Новая волна-2015" халықаралық ән байқауына баратын жас әнші Ademi фестивальға қалай дайындалып жатқанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның атынан "Новая волна-2015" халықаралық ән байқауына баратын жас әнші Ademi фестивальға қалай дайындалып жатқанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ademi таяуда ғана Мәскеуден оралды, әнші ол жақта вокалмен, номерлерінің қойылымымен және хореографиямен айналысты. Орындаушының байқаудың үшінші күні орындайтын әнін белгілі композитор Ренат Гайсиннің жазатыны белгілі болды. "Біз демо-нұсқалардың барлығын жіберіп қойдық, олармен проблема болмайды деп ойлаймын. Менімен Қазақстанның ең үздік милылары жұмыс істеді, олардың арасында композитор Ренат Гайсин бар. Кестесі қаншалықты толық болса да, мен үшін уақыт тапқаны үшін оған зор алғысымды айтқым келеді", - деді Ademi.
Сонымен қатар, әнші имиджін өзгертетінін айтты. "Менің сырт келбетіммен ұйымдастырушылардың өздері айналысады. Қалай киінетінімді өзім де әлі білмеймін, бірақ олардың стилистері мен дизайнерлері бұған салмақты қарайды деп ойлаймын, мысалы мен Қазақстаннанмын және маған қысқа шортымен шығуға болмайды. Олар мұны түсініп, өзіндік ерекше дүние ойлап табады деп үміттенемін", - деді Ademi.
"Новая волна" 25-30 тамыз аралығында Сочиде өтеді. Еске сала кетейік, биыл "Новая волна" байқауына Қазақстаннан тұңғыш рет екі қатысушы барады. Еліміздің намысын "Новая волна-2015" байқауында қорғау мүмкіндігі VoiceKZ тобына да бұйырды, топ солистері - Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері.